Жаңалықтар
30.10.2024

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ЮНФПА СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУДА

2024 жылғы 29 қазанда Ташкентте Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда репродуктивті денсаулықты қорғаудың сапалы құралдарын мемлекеттік сатып алу әлеуетін нығайтуға арналған семинар басталды.

Іс-шараны ЮНФПА мен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырып отыр.

Қазақстан Республикасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, оның ішінде «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы Өндірістік талдау басқармасының бастығы Аңсар Қаблаев қатысты.

ЮНФПА – бұл 50 жылдан астам уақыт бойы дамушы елдермен серіктестік қарым-қатынаста болған және репродуктивті денсаулықты сақтаудың сапалы құралдарын сатып алуға көмектескен БҰҰ-ның Халық қоры. ЮНФПА-мен ынтымақтастықта елдер ұлттық және донорлық ресурстарды тиімді пайдалануға көмектесетін сараптамалық білім мен сатып алу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады.

ЮНФПА-ның Өзбекстандағы тұрақты өкілі, доктор Нигина Абасзаде Қордың мақсаты – әркімнің репродуктивті денсаулық қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету және саналы таңдау жасау екенін атап өтті.

Семинар аясында қатысушылар ЮНФПА арқылы жеткізу және сатып алу тізбегі мәселелерін, соның ішінде ЮНФПА мен ДДҰ-ның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету біліктілігін, сондай-ақ жеткізушілерді іздеуге және реттеуші жүйелерді нығайтуға байланысты сын-қатерлерді талқылады.

«Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтауды дамытуға ықпал етеді. Өз кезегінде Қазақстан репродуктивті денсаулық мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтемін. Отбасын жоспарлау – ана мен бала өлімін азайтуға, қажетсіз жүктілік көрсеткішін төмендетуге, сондай-ақ қоғам мен экономикадағы әйелдер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін денсаулық сақтаудың кешенді тәсілінің маңызды бөлігі», - деп түйіндеді Аңсар Қаблаев.

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще