Жаңалықтар
29.10.2024

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ЖӘНЕ HEALTHIUM MEDTECH LIMITED ҚАЗАҚСТАНДА ТІГУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУГЕ НИЕТТІ

«СҚ-Фармация» Басқарма төрағасы Еркен Жақатай және Healthium Medtech Ltd. өкілдері отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту және елдің шетелдік өнім импортына тәуелділігін төмендету үшін бірқатар маңызды мәселелер талқылады.

Кездесудің негізгі мақсаты – өзара тиімді ынтымақтастық және Қазақстанда тігу материалдарының өндірісін жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылау.

«СҚ-Фармацияның» екі негізгі қызметі – дәрілік заттар, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету және фармацевтика өнеркәсібін дамыту. Бүгінгі таңда Қазақстан ыңғайлы орналасу, қолжетімді жұмыс күші мен ресурстық базаның артықшылықтарына ие бола отырып, фармацевтикалық жобаларды дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. «СҚ-Фармация» елдің экономикалық тұрақтылығын арттыратын, жұмыс орындарын құратын және пациенттердің сапалы медициналық бұйымдарға қолжетімділігін жақсартатын перспективалы бастамаларды қолдауға бағытталған», - деп атап өтті Е. Жақатай.

Айта кету керек, Healthium Medtech Ltd. – бұл хирургия мен жараларды емдеуге арналған медициналық бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге маманданған жаһандық медициналық-технологиялық компания. Компания медицина саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар және өз сегментінде танымал көшбасшы болып табылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Бірыңғай дистрибьютордың төрағасы фармацевтикалық кластерді, сондай-ақ қажетті препараттарды жедел әрі қауіпсіз сақтауды және жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бүкіл Қазақстан бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуді оңтайландырудың негізгі буыны болатын логистикалық орталықты құру туралы атап өтті.

Өз кезегінде, «Galamat Integra» ЖШС және Healthium Medtech Ltd. ұйымдастырылған кездесу, жемісті әңгіме және жергіліктендіру идеясын қолдағаны үшін ерекше алғыс пен ризашылық білдірді.

«СҚ-Фармация» ЖШС маңызды серіктес қана емес, сонымен қатар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне заманауи технологияларды интеграциялау процесінің негізгі қатысушысы болып табылады. Сондықтан осы мәселелерді одан әрі нәтижелі шешу бізге өзара тиімді келісімдерге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар қазақстандық медициналық бұйымдар нарығының дамуына елеулі үлес қосуға көмектесетініне сенімдіміз», - деді «Galamat Integra» ЖШС өкілдері.

Кездесу соңында тараптар Healthium Medtech Ltd қазақстандық нарыққа кіру және бірлескен жобаны іске асыру келіссөздерін жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
25 октября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
24 октября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"