Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
04.09.2024

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА МҮДДЕЛІ

«СҚ-Фармация» ЖШС үшін зертханалық диагностика бойынша тренинг-орталықтың жұмысы таныстырылды.

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде Бірыңғай дистрибьютор басшысы Еркен Жакатай Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президенті Массимо Пиньятеллимен және Roche компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде қатысушылар әлемдік көшбасшының қызметін, Қазақстанның ғылыми саласына қосқан үлесін және кадрлар даярлауды талқылады.

Тренинг-орталықтың мақсаты – медицина қызметкерлерін ауруларды диагностикалаудың озық әдістеріне және жоғары технологиялық диагностикалық жабдықта жұмыс істеуге үйрету арқылы денсаулық сақтау жүйесін дамыту.

Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор делегациясының назарына қазақстандық студенттер сараптама және диагностика жүргізетін жоғары деңгейлі анализаторлар ұсынылды. Назарбаев Университетінің Медицина мектебі мен Медициналық орталығының профессор-оқытушылар құрамы, биомедицина ғалымдары тренинг-орталық базасында медицина және инженер қызметкерлерді компанияның заманауи жабдықтарында ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық әдістеріне оқыту үшін практикалық сабақтар ұйымдастырады.

Диалог барысында тараптар еліміздің фармацевтика саласы мен денсаулық сақтау саласын дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын жан-жақты талқылады.

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі алаңында Roche Diagnostics әлемдік көшбасшысымен ынтымақтастық аясында іске қосылған орталық жоғары кәсіби кадрларды даярлауға және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталғандығын атап өткен жөн. Ынтымақтастық шеңберінде Roche Diagnostics Медицина мектебіне зертханалық диагностикаға арналған анализаторлар мен шығын материалдарының жиынтығын (реагенттер) ұсынды.

Посмотреть еще