Бүгін «СҚ-Фармация» ЖШС-де 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мереке Мемлекеттік Әнұранды орындаудан және Басқарма Төрағасы Еркен Жақатайдың құттықтау сөзінен басталды. Содан кейін үздік қызметкерлерді марапатталды.
«Еліміздің ең құнды активі – адам. Біздің көпұлтты қоғамымыз ортақ үйіміздің болашағына үміт пен сенімділік беретін орасан зор әлеуетті бейнелейді. Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымы мен мәртебесі – тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Компаниямыздың алдыңғы қатарында тұрған осындай ұжыммен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе екенін бөлек атап өткім келеді. Біздің басты мақсатымыз – иммундық жүйені нығайту, ауру жағдайында өмір сүру сапасын сақтау мен жақсарту. Біздің ісіміз тұрғындардың игілігі үшін болғай. Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!», - деп құттықтады Е. Жақатай.
Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ «Құрмет грамотасымен», Басқарма Төрағасының Алғыс хатымен өз өмірінің көп бөлігін компанияға арнаған, ерекше еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрағаттар, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Ибраим Бабаев Әкімшілік жұмыс басқармасының менеджері Ақзада Хайруллинаны министр Аида Балаеваның атынан құттықтап, «Архив саласының үздігі» ведомствосының төс белгісін табыстады.
Ерекшеленген қызметкерлер өздерінің қуанышты екенін айтып, олардың еңбектерін жоғары бағалағаны үшін мемлекетке алғыс білдіреді, сондай-ақ халықтың денсаулығын жақсарту үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастыратынын атап көрсетеді.
Төсбелгі алған Медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері Ардақ Татиева:
«Осындай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын, денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесімді атап өткені үшін Министрлікке, басшылыққа және ұжымға ерекше алғысымды білдіремін, менің еңбегім жоғары бағаланды деп санаймын. Денсаулық сақтау саласында мен шамамен 20 жыл жұмыс істеп келемін. Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, медициналық техникамен жарақтандыру шеңберінде сатып алу процесін жақсартуға, оны ашық етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретін заңнама жетілдірілді. Әрине, бұл атқарылған жұмыстың аз ғана бөлігі, инновациялар көп және бәрі әлі алда», - деп атап өтті медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының бас менеджері Ардақ Татиева.
Осындай жарқын және тарихи маңызды іс-шараның қорытындысы концерттік бағдарлама болды.