Байланыс орталығы 1439
  • БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДАН САТЫП АЛЫНАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЗБЕСІНІҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ БЕКІТІЛДІ
Жаңалықтар
08.01.2025

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДАН САТЫП АЛЫНАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЗБЕСІНІҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №113 бұйрығымен бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 жылғы №ҚР ДСМ-88 бұйрығымен қабылданған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Жаңа редакция бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын медициналық бұйымдардың жаңа тізбесін бекітуді көздейді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ресми жариялау 2025 жылдың 5 қаңтарында өтті. Бекітілген тізбемен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://zan.gov.kz/client/#!/md/204961/kaz

Естеріңізге сала кетейік, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Бұдан басқа, уәкілетті орган қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, белгілі бір аурулары бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын және т.б. әзірлейді және бекітеді.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
30 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
28 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
26 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"