Жаңалықтар
04.11.2024

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДЫҢ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА 2024 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 36 675 ҚОҢЫРАУ КЕЛІП ТҮСТІ

Бірыңғай дистрибьютор халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жедел және уақтылы қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.

Халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуды бақылау үшін Бірыңғай дистрибьютордың Байланыс орталығы жұмыс істейді. Дәрілік заттар бойынша ақпарат «нақты уақыт» режимінде – 1439 тегін қысқа нөмірге қоңырау соғу арқылы беріледі және ол барынша сенімді болып табылады.

Осы мақсатта СҚ-Фармация компаниясында 1439 қысқа тегін нөмірі бойынша Байланыс орталығы жұмыс істейді. Орталық мамандары Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын препараттарды жеткізу мерзімдері мен күндері туралы барлық сұрақтарға жауап береді.

2024 жылдың 9 айында тұрғындардан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Байланыс орталығына 36 675 қоңырау келіп түсті, олар бойынша 42 939 клиент карточкасы құрылды. Тіркелген пациенттердің жалпы санының 33 724-і немесе 78,5%-ы қала тұрғындары, 9 215 немесе 21,5%-ы – ауыл тұрғындары.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (АЛО) бойынша есепті кезеңде 42 544 өтініш (барлық өтініштердің 99%-ын құрайды) және стационар бойынша – 395 өтініш немесе барлық өтініштердің 1%-ы болды.

«Жедел желіге» келіп түскен 36 675 қоңыраудың 5 578-і Бірыңғай дистрибьютордың қызметі бойынша құпия болып табылмайтын құзыреті шегінде ақпараттық сипатта болады. Ал 1 693 өтініш – сатып алынбаған препараттар бойынша, 77-сі –eGov.kz пайдаланушыларынан келіп түскен. Үшінші тоқсанда шағымдар саны бірінші тоқсанмен салыстырғанда 52,5%-ға төмендеді.

Бірыңғай дистрибьютордың Байланыс орталығы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудегі ақаулар туралы деректерін жинап, алынған мәліметтерді талдайды және қамтамасыз етпеудің негізгі себептерін анықтайды. Бізде әрбір өтініш жеке-жеке қаралып, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілмеу себептеріне талдау жүргізіледі және қамтамасыз ету жөніндегі мәселені шешу үшін қажетті іс-шаралар жүргізіледі.

Біз әрқашанда сұрақтарға жауап беруге және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"