Жаңалықтар
10.09.2021

«СҚ-Фармацияда» КВИ-ден емделетін препараттардың тапшылығын түсіндірді

         

Күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты COVID-19 ауыр науқастарын емдеу үшін қолданылатын «Тоцилизумаб» препаратына қажеттілік екі есеге артып, тапшылық туды, оны төмендету бойынша қазіргі уақытта компанияда жұмыстар жүргізілуде деп «СҚ-Фармацияда» Orda.kz-ке жауап берді.

          Бізге жауап келмес бұрын, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ауруханаларда ковидке қарсы препараттардың жетіспеушілігін реттеу өтінішімен жүгінді. Әлеуметтік желілердегі азаматтар жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциямен ауырып жатқан ауыр науқастарға қолданылатын «Ремдесивир» және «Тоцилизумаб» (Актемра) препараттарының өткір жетіспеушілігі басталғанын айта бастады.

           «СҚ-Фармация» баспасөз қызметінде, препаратты сатып алу медициналық ұйымдар қалыптастырған мөлшерде жүзеге асырылатындығын және белгіленген кестеге сәйкес жеткізілетіндігін түсіндірді. Медикаменттерді қосымша сатып алу медициналық ұйымдардың тұтынуын талдау негізінде және компания мен медициналық мекемелердің қоймаларындағы қалдықтарға мониторинг жүргізу негізінде жүзеге асырылады.

— эпидемиологиялық жағдайға байланысты препаратты тұтыну өсімі 2 есеге артты, — деп атап өтті баспасөз қызметінде.

          «СҚ-Фармация» «Тоцилизумаб» препаратының COVID-19-ды емдеуге арналған препараттардың қалыптастырылған 2 айлық төмендемейтін қорына кіргізілмегендігін атап өтеді.

          Медициналық ұйымдар жыл соңына дейінгі қосымша көлемді ескере отырып, 7043 құтыға қажеттілік туралы мәлімдеді. «СҚ-Фармация» медициналық ұйымдарға 4517 құтыны жеткізгендігін хабарлайды. 2 тамызда 771 құты мерзімінен бұрын жөнелтілді. Сондай-ақ, 1113 құтыны мерзімінен бұрын жеткізу жоспарлануда.

          Медициналық ұйымдардың қосымша қажетілігін қанағаттандыру үшін Бірыңғай дистрибьютор «Актемра» 80 мг препаратын екі дозада 1277 құты көлемінде қосымша жеткізу мәселесін пысықтағанын мәлімдеді. Өнім берушімен қосымша көлемді сатып алу бойынша шарт жасасу қол қою кезеңінде.

          Ұйымның мәліметінше, аталған препаратқа сұраныс бүкіл әлем бойынша COVID-19 ауруының өсуіне байланысты артқан.

          БД баспасөз қызметінде сонымен қатар COVID-19 препараттарының төмендемейтін қорының жай-күйіне қатысты түсініктеме берді.

— Денсаулық сақтау министрлігі 6,4 млрд.теңге сомасына COVID-19-ды емдеуге арналған төмендемейтін қор дәрі-дәрмегінің 38 позициясын бекітті. Осы позициялар бойынша көлем айына 60 мың пациентті емдеуге мүмкіндік береді. COVID-19 бойынша ДЗ-ның екі айлық көлемі таратылды және 2020 жылы өңірлердің ДЗ тұтыну фактісі бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында сақталуда: Алматы -35%, Нұр -Сұлтан -30%, Ақтөбе - 15%, Шымкент - 20%.

«Тоцилизумаб» препаратының тапшылығы туралы ақпарат редакцияда отыз бірінші шілдеде пайда болды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
28 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"