Дәрілік заттардың цифрлық таңбалануы пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін жақсарта отырып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Цифрлық таңбалауды және дәрі-дәрмектерді қадағалау жүйесін енгізу Қазақстанның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудағы маңызды кезең. Бұл шешім мемлекет үшін де, пациенттер үшін де айтарлықтай тиімді.
Сандық таңбалау арқылы дәрілік заттың әрбір қаптамасына бірегей Data Matrix коды қолданылады, ол дәрі-дәрмектің өндірістен бастап медициналық ұйымдарға жеткізілгенге дейін және пациенттерге берілгенге дейінгі бүкіл өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді.
«Бүгінде "СҚ-Фармация" қызметкерлері ақпараттық шешімдердің көмегімен медициналық ұйымдарда жөнелтілген және қабылданған таңбаланған дәрі-дәрмектердің санын көріп отырады»,-деп атап өтті Басқарма төрағасы Еркен Жақатай.
Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор сатып алған дәрілік заттардың жалпы көлемінің 11 млн-нан астамы таңбаланған, оның ішінде 2 млн-нан астамы – импорттық және 9 млн-нан астамы – отандық. Қазіргі уақытта аймақтарда 10 миллионнан астам таңбаланған дәрі-дәрмектер жөнелтіліп, қабылданды, бұл жүйенің ауқымдылығы мен тиімділігін көрсетеді.
«Сонымен қатар, дәрілік заттардың цифрлық таңбалануы мен қадағалануы қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуды ұтымды жоспарлауға ықпал етеді. Мемлекет үшін бұл бюджет қаражатын неғұрлым тиімді пайдалануды, ал пациенттер үшін – дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін жақсартуды және олардың түсуінің тұрақтылығын білдіреді», - деп толықтырды Еркен Жақатай.