Жаңалықтар
28.02.2023

ЕАЭО ЖӘНЕ ТМД ФАРМНАРЫҒЫНЫҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

28 ақпанда Алматыда XIV халықаралық Евразиялық фармацевтикалық форум басталды. Іс шара ЕАЭО және ТМД елдерінің фармацевтикалық нарығының жағдайын және қазіргі геосаяси жағдайда саланың тиімді бағыттарының реттеуші стратегиясын қалыптастыру тәсілдерін талқылауға арналды.

Форум фармнарығының жетекші ойыншыларымен – реттеуіштермен, халықаралық және жергілікті фармөндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріханалық желілермен кездесіп, бүгінгі таңдағы саланың өзекті мәселелерін айтуға және одан әрі дамуды болжамдауға мүмкіндік береді.

Ивенттің қатысушылары салалық кәсіби ұйымдардың, реттеуіштердің, министрліктер мен ведомстволардың, сонымен қатар Евразиядағы ірі халықарлық және жергілікті фармацевтикалық өнім өндірушілердің өкілдері. 50 астам жетекші спикерлердің қатарында BAYER, AstraZeneca, Johnson&Johnson, Stada, Takeda, Pfizer, Novartis, Unipharm және «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері бар.

Ауқымды кездесу Евразия фармнарығының жаңа жағдайға бейімделу практикасы тақырыбында топ-менеджерлердің стратегиялық дискуссиясымен  басталды. Талқылау барысында трансформация кезеңінде балансты сақтау, ағымдағы жағдайда фармацевтикалық компаниялармен енгізілген жаңа бизнес-моделдер мен жұмыс түрлері, фармөндірушілердің тиімді ұлтаралық ынтымақтастығын қалыптастыру және өткен жылдағы реттеуші өзгерістердің фармкомпаниялардың қызметіне әсері қаралды.

Топ-менеджерлердің стратегиялық дискуссиясының спикері ретінде «СК-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев сөз сөйледі. Басқарма басшысы әлемдік фармацевтикалық нарықтың құрылымына тоқталып, глобалды фармацевтикалық нарық 19% жылдық өсу қарқынымен оң динамика көрсеткенін атап өтті. Болжам бойынша 2026 жылы оның көлемі 3 триллион АҚШ долларынан асады.

Презентация барысында Ерхат Серікұлы Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіне және отандық фармбрендтерге де назар аударды. Қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіп мемлекеттік қолдаудың нәтижелі шараларының арқасында тиімді инвестиция үшін үлкен әлеуетке ие және 2021 жыл бойынша сала барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика көрсетті.

Қазақстанда препараттарды тіркеу сәтінен бастап пациентке берілгенге дейін дәрілік заттар айналымы саласында процестердің айқын және мөлдір иерархиясы бар. Бұл иерархияның аса маңызды элементі дәрілер мен медициналық бұйымдарды олардың сапалылығына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне сараптама жасау болып табылады.

Дәрілік қамтамасыз ету мәселесіне көше отырып, дәрілік қамтамасыз ету жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Жыл сайын Бірыңғай дистрибьютор 5 миллионнан астам қазақстандықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.                                                    

Қатысушыларға Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тәсілдері ұсынылды. Қазіргі уақытта олардың төрт тәсілі бар, ол – екі кезеңді тендер, ұзақ мерзімді шарттар, тікелей шарттар және халықаралық ұйымдар. Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алу тәсілдері қатаң реттелген және мөлдір сипатқа ие.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу үлесіндегі рөлі жалпы қазақстандық нарықтың шамамен 60% құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 774,5 млн долларға дәрі-дәрмек сатып алынды. Ұсынылған статистика бойынша соңғы 12 жылдағы сатып алу динамикасымен танысуға мүмкін болды. Ақшалай түрде сатып алу көлемі 11 есе өсті, ал сатып алынатын атаулар саны 804-тен 1719-ға дейін өсті. Бюджет қаражатының жиынтық үнемделуі 192,6 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, қатысушыларды шарттық өндіріс тетіктерімен және ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне экспорттау мүмкіндігімен инновациялық препараттар өндіру жобасы бойынша BigPharmaкомпаниясы  жанындағы жұмыспен таныстырды. Бүгінгі таңда Министрлік F. Hoffmann-La Roche Ltd, Novo Nordisk және AstraZeneca секілді  глобалды фармкомпанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты.

Bayer AG және Takeda Pharmaceutical  компаниялармен ынтымақтастық және локализациялауға дайындық туралы келісімге отыру пысықталуда. Ал Pfizer және KazakhInvest компаниялары арасында Қазақстанда  вакциналарды өндіруді локализациялау туралы келісімге қол қойылды.

Басқарма Төрағасы өз баяндамасының соңында қатысушыларды 2023 жылы болатын Бірыңғай дистрибьютор үшін дәстүрге айналған халықаралық фармацевтикалық форумға қатысуға шақырды.

XIV халықаралық Евразиялық фармацевтикалық форумы топ-менеджерлерінің стратегиялық дискуссиясында спикер ретінде Bayer, STADA, Johnson&Johnson, AstraZeneca және AIPM Ресей жетекші компаниялардың  өкілдері де сөз сөйледі. Форум жалпы стратегиялық дискуссиядан басқа пленарлы дискуссиялардан, талдау сессиялардан, практикалық фокус-сессиялардан және тақырыптық дөңгелек үстелдерден тұрды.

Осындай фокус-сессиялардың бірінде локалды нарықтың инвестициялық тартымдылығы және преференцияны қолдаудың мемлекеттік шаралары сөз етіліп, спикер ретінде Бірыңғай дистрибьютордың тағы бір өкілі Айгүл Сыздықова сөз сөйледі. Ол  егжей-тегжей қозғаған тақырыптар – шарттық өндірістің моделі, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, әлемдік фармбрендтердің өндірісін локализациялау және әлемдік вендорлармен ынтымақтастық болды.

Ірі алаңда фармацевтикалық нарықтың әртүрлі өзекті мәселелері қаралды: бірыңғай нарықтың фармацевтикалық қызметін реттеудегі негізгі өзгерістер, дәрілерді тіркеу және сараптау, бағаны реттеу, инновациялық препараттар нарығына қол жетімділік, фармацевтикалық нарықтарды шолу, дамудың тенденциялары мен әлеуеті, ЕАЭО және ТМД аумағында клиникалық зерттеулер жүргізу, дистрибуциялық және дәріханалық сегментті локализациялау, дамыту мүмкіндіктері, сонымен қатар дәрі-дәрмекті таңбалау және бақылау жүйесі. 

Халықаралық форумның барлық спикерлері мен қатысушылары бұл алаң фармацевтика саласының алдында тұрған әртүрлі міндеттерді шешуге, шетелдік инвестицияны тартуға, фармөндірісті дамыту барысында озық тәжірибелерді енгізуге және көршілес елдердің тәжірибесін  қабылдауға ықпал ететініне сенім  білдірді.

Форумды ұйымдастырушы - Adam Smith Conferences конференция қарсаңында спикерлермен бірқатар сараптамалық сұхбаттар жасады. «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиевтің сұхбатын  мына жерден таба аласыздар.

XIV Евразиялық фармацевтикалық форум шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Astellas Pharm жапон фармацевтикалық компаниясымен, STADA халықаралық фармацевтикалық компаниялар группасымен және фармацевтикалық және биофармацевтикалық салаларда қызмет көрсететін және корпоративтік аутсорсингі IQVIA компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы, ақпараттық медициналық жүйелерді орталықтандырылған сатып алу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша елдердің экономикалық ынтымақтастығының үлкен әлеуетін атап өтті және екіжақты өзара іс-қимылды ұлғайту мүмкіндіктері туралы айтылды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще