Жаңалықтар
03.12.2024

ЕАЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТІРКЕУДІҢ ЖАҢА РӘСІМІ ЕНГІЗІЛЕДІ

29 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің вице-премьерлері деңгейінде ЕЭК Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста ЕЭК Кеңесі мүше мемлекеттердің бірінің уәкілетті органының бастамасы бойынша ЕАЭО-ның басқа елдерінде тіркелген медициналық қолдануға арналған дәрі-дәрмектерді тіркеу нәтижелерін тану рәсімін енгізе отырып, бірқатар құжаттарды, оның ішінде ЕАЭО-да дәрілік заттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер жобасын мақұлдады.

Егер елде дәрі-дәрмектің аналогтары болмаса, жаңа процедура қолданылады. Тіркеу референттік елде жүргізілген сараптама деректері негізінде баж алынбай жүзеге асырылатын болады.

Бастама коммерциялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндірушілерді қызықтырмайтын, бірақ денсаулық сақтау жүйесі үшін қажет дәрілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай препараттар әдетте сирек немесе аз мөлшерде қолданылады, бірақ медициналық көмек көрсету үшін өте маңызды.

Дереккөз: https://eec.eaeunion.org/

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"