Жаңалықтар
05.12.2024

ЕЭК КЕҢЕСІ 2027 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК АЙНАЛЫМЫНЫҢ УАҚЫТША ТӘРТІБІН ҰЗАРТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) құқықтық порталында «ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 96 шешімінің 1-тармағының «а» тармақшасына өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Кеңесінің шешімінің жобасы жарияланды.

Жоба медициналық қолдану үшін дәрілік заттар айналымының ерекшеліктерін белгілеу жөніндегі уақытша шараларды 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды көздейді. Бүгінгі таңда ЕЭК Кеңесінің қолданыстағы шешімі осы шараларды 2024 жылдың соңына дейін қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл жобаның мақсаты-ЕАЭО елдерінде халықтың денсаулығын қорғау үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Шешім жобасын қабылдау ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары препараттарды тіркеу процесін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін дәрілік заттар айналысының уақытша тәртібін белгілеуге құқылы болатын мерзімді ұзартудан тұратын болады.

Өз кезегінде, жоба үшінші елдермен өзара іс-қимыл кезінде ЕАЭО кедендік аумағының сыртқы контурында қалыптасқан халықаралық қатынастар жағдайында дәрі-дәрмек дефектурасының ықтималдығымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейінің төмендеуімен, жеткізілімдердің іркілістерінің туындауымен байланысты түйінді проблемаларды шешуге бағытталған.

Жобаны көпшілік талқылауы 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://docs.eaeunion.org/ria/kk-kz/0107096/ria_02122024

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"