Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
29.02.2024

ЕУРАЗИЯНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

29 ақпанда Алматыда Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен 350-ден астам қатысушының қатысуымен 15-ші Халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форум басталды.

Форумға фармнарықтың жетекші ойыншылары – салалық кәсіби ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, реттеушілер, әлемдік және отандық фармацевтикалық өндірушілер, дистрибьюторлар мен дәріхана желілері жиналды.

Еуразиялық фармацевтикалық форум фармацевтикалық нарықтың жай-күйін объективті бағалауға, ағымдағы проблемаларды ашық талқылауға, тәжірибе алмасуға, саланы одан әрі дамыту болжамына және неғұрлым тиімді шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы диалогқа арналған алаңға айналды.

AstraZeneca, Johnson&Johnson, Pfizer, Sun PharmaEurasia, ГЕРОФАРМ және «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы – 100-ден астам жетекші спикерлер қатарында.

Іс-шара «Еуразияның фармацевтикалық нарығы топ-менеджерлердің көзімен. Мақсаттар, міндеттер, перспективалар» стратегиялық талқылаудан бастау алды. Талқылау барысында фармкомпанияларды дамытудың өзекті стратегиялары, Еуразиялық өңірдегі фармнарықтың өсу драйверлері, үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету міндетін шешу үшін реттеушілік қолдау бағыттары, халықаралық фармкомпаниялардың өндірісті оқшаулау мен тереңдетуге арналған жоспарлары, сондай-ақ Еуразиялық өңірдің фармацевтикалық өндірушілерінің тиімді ұлтаралық ынтымақтастығын құру сияқты тақырыптар қаралды.

 Топ-менеджерлердің стратегиялық пікірталас спикерлерінің бірі ретінде «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев «Бірыңғай дистрибьюция жүйесі – отандық фармацевтика саласын дамыту және қолдау драйвері» тақырыбында презентация жасады.

Қатысушыларға дәрілік қамтамасыз етудің нақты әрі ашық иерархиясы және Қазақстанның фармацевтикалық нарығының ағымдағы жағдайы ұсынылды. IQVIA деректері бойынша, ТМККК шеңберіндегі бөлшек сауда мен сатып алуды ескере отырып, қазақстандық фармнарығының құндық көлемі 2023 жылдың 10 айында дистрибьюторлар бағасында 962 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16%-ға жоғары.

Жыл сайын Бірыңғай дистрибьютор 2 миллионнан астам қазақстандықты және 2 мыңнан астам медициналық ұйымды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. 2010-2023 жылдар аралығында ақшалай түрде сатып алу динамикасы 9,6 есе өсті. Бұл ретте 2010 жылдан бастап бюджет қаражатының жиынтық үнемделуі 244,4 млрд теңгені құрайды.

 Тұсаукесер барысында отандық фармацевтика саласын дамытуға ерекше назар аударылды. Елде қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде көзделген. Бүгінгі таңда 35 отандық тауар өндірушілермен 4 408 дәрі-дәрмек атауын жеткізуге 95 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Отандық фармацевтика саласының дамуы инновациялық дәрі-дәрмектерді өндіру арқылы көрінеді. Бұдан басқа, барлық басым бағыттар бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде: НҚА жетілдіру, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, сондай-ақ BigPharma және әлемдік вендорлармен ынтымақтастық.

Соңғы бірнеше жылдағы жүйелі жұмыстың арқасында бүгінде сала мен ел үшін серпінді нәтижелер бар. Маңызды жетістіктердің бірі Pfizer және Roche фармгиганттары мен Бірыңғай дистрибьютор арасында түпнұсқа инновациялық дәрілерді келісімшарттық өндіруге тарихи ұзақ мерзімді шарттар жасасу болды.

 Сонымен қатар, Bayer, AstraZeneca, NovoNordisk және Johnson&Johnson компанияларымен өндірісті жергіліктендіру туралы келісімдерге қол қойылды. JWHoldingsCorporation, SamsungMedison, GENORAY, MEDICALPARTNERSKOREALTD и DRTECH оңтүстік кореялық компанияларымен Қазақстан аумағында фармацевтика және медициналық жабдық саласындағы бірлескен әзірлемелерді орналастыру туралы тағы 5 меморандум жасалды.

Отандық фармацевтика саласын дамытудың тағы бір шарасы – Қазақстанда логистикалық фармацевтикалық хаб құру. Бұл дәрі-дәрмектерді тез және тиімді тарату үшін қажет. Бірыңғай дистрибьютор логистикалық фармабтың негізгі клиенті бола отырып, осы үлкен жобаның бір бөлігі болды.

Өз сөзінің соңында Басқарма Төрағасы Тиімді медицина моделін ұсынды, оның мақсаты емдеу тиімділігін арттыру және елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін отандастардың денсаулығын жақсарту болып табылады. Осы модель тиімділігінің басты индикаторлары: өлімнің төмендеуі және қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы.

 Форум бағдарламасы стратегиялық бағдарламадан басқа бірқатар пленарлық пікірталастар мен сессияларды қамтиды, онда ЕАЭО-да дәрілік заттардың айналымын реттеу саласындағы интеграциялық процесті жетілдіру, дәрілердің бағасын мемлекеттік реттеу, ЕАЭО және Ұлттық қазақстандық заңнама шеңберіндегі құқықтық ортаның жүйелік тәуекелдері, инновациялық препараттардың қолжетімділігін арттыру және зияткерлік меншікті қорғау талқыланды.

Айта кету керек, форум сессияларының бірінде «Жаһандық компаниялар үшін өндірісті оқшаулау және тереңдету мүмкіндіктері. Өз өндірісінің тиімділігін арттыру және дамыту» спикері – Отандық тауар өндірушілермен жұмыс және Бірыңғай дистрибьютордың халықаралық ұйымдарымен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы Жан Таңжарықов болды. Ол жаһандық компаниялар үшін өндірісті оқшаулау және тереңдету, өз өндірісін дамыту және тиімділігін арттыру мүмкіндіктері туралы айтты.

  Халықаралық форумның барлық спикерлері мен қатысушылары алаңның фармацевтика саласының алдында тұрған түрлі міндеттерді шешуге, шетелдік инвестицияларды тартуға, фармацевтика өндірісін дамыту кезінде озық тәжірибелерді енгізуге және көрші елдердің тәжірибесін қабылдауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бірыңғай дистрибьютор өз кезегінде, орталықтандырылған сатып алу, ақпараттық медициналық жүйелер бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша елдердің экономикалық ынтымақтастығының үлкен әлеуетін атап өтті және екіжақты өзара іс-қимылды ұлғайту мүмкіндіктерін атап өтті.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще