Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
05.10.2023

ГЕКСАКСИМ ВАКЦИНАСЫН САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСТЫ

Дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, В гепатитіне, полиомиелитке және b типті гемофильді инфекцияға қарсы алты валентті вакцинасы (әрі қарай – Вакцина) 2013 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынады.

Қазақстан Ресрубликасы аумағында екі вакцина тіркелген:

  • 2009 жылдан бастап Глаксо өндірген Инфанрикс гекса;
  • 2013 жылдың соңынан бастап – Санофи Пастер өндіретін Гексаксим тіркелген.

2013 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз өндірген Инфанрикс® гекс вакцинасы сатып алынды.

2016 жылдан 2023 жылға дейін электрондық ашық аукциондар түріндегі тендерлік рәсімдердің қорытындысы бойынша Санофи Пастер өндірген Гексаксим® вакцинасы сатып алынады.

Айта кету керек, тендерлік рәсімдерге екі немесе одан да көп әлеуетті өнім берушілердің қатысуымен бәсекелестік орта қалыптасады. Аукцион қорытындысы бойынша тендерге қатысушылардың бағаны төмендетуіне байланысты бюджет қаражаты үнемделеді. Қалыптасқан үнемдеу аясында республика өңірлерінде қажетті вакциналардың қосымша көлемін сатып алу мүмкіндігі болады.

Мәселен, 2019 жылға сатып алу кезінде тендерге үш әлеуетті өнім берушіден өтінім келіп түсті.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін электрондық форматта сатып алуға бір әлеуетті өнім беруші қатысады, осыған байланысты бәсекелестік орта жоқ.

ГлаксоСмитКляйн компаниясының ақпараты бойынша, өндіруші 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцинаның шектеулі шығарылуы және әлемдік ауқымдағы өнім тапшылығы себебінен Қазақстанда тендерлік рәсімдерге қатысу мүмкіндігі жоқ. 

Анықтамалық:

Заңнамаға сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі республика халқын тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмектерге шекті бағаларды белгілейді.

Шекті бағалар өндірушілердің өтініштері мен референтті елдерде тіркелген дәрілік заттардың бағасын талдау негізінде қалыптастырылады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығы бағаға талдау жасап, ҚР ДСМ-ға бекітуге жібереді.

Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді мемлекет бекіткен белгіленген шекті бағадан жоғары емес бағаға сатып алады.

2018 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды ҚР ҚМ Электрондық қаржы орталығының арнайы әзірленген платформасында электрондық форматта жүргізеді.

Сатып алу қорытындыларының барлық хабарландырулары мен хаттамалары www.fms.ecc.kz дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталында еркін қолжетімді.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще