Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
11.02.2025

GLOBAL PHARMACEUTICAL LEADERS ' CLUB: САЛАНЫ ДАМЫТУ, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Бүгін II Қазақстандық фармацевтикалық форумның ашылу салтанаты өтті. Іс-шарада спикерлер ретінде СҚ-Фармация өкілдері сөз сөйледі.

Кіріспе сөз Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевқа берілді. Өз сөзінде вице-министр жиналған қонақтарға дәрілік қамтамасыз ету жүйесін дамытудың және Қазақстанның фармацевтика саласын ілгерлетудің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Форумның бірінші күні әртүрлі тақырыптар бойынша алты сессия өтіп, қазақстандық фармацевтикалық нарық мәселелеріне, оны жетілдіруге, сондай-ақ халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Әрі қарай «Фармацевтика саласы мен денсаулық сақтаудағы өзгерістердің катализаторы ретінде мемлекеттік саясат» атты екінші сессияда «СҚ-Фармация» ЖШС-нің атқарушы директоры Асхат Мубараков баяндама жасап, Бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырып жатқан отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілерін қолдауға көзделген жұмыстардың көрсеткіштері мен нәтижелері туралы айтып берді.

«ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмасын іске асыру үшін отандық тауар өндірушілердің 50% қамтылуын сапалы қамтамасыз ету мақсатында импорттық үлесі 50%-дан асатын топтарға инвестиция тарту және олардың жергілікті өндірісін тереңдету мәселесін қарастыру қажет. Атап айтқанда, мына нозологиялар бойынша: жүйелі әсер ететін гормоналды дәрі-дәрмектер, онда импорттың үлесі – 96%, жүйелі әсер ететін антимикробтық дәрі-дәрмектер, онда импорттың үлесі – 86%-дан жоғары, ісікке қарсы дәрі-дәрмектер және иммуномодуляторлар, онда импорттың үлесі – 82%-ды құрайды», – деп атап өтті А Мубараков.

Сондай-ақ, Медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының басшысы Эрик Күлшанов «Дәрілік заттарды таңбалау іс жүзінде: қол жеткізілген нәтижелер мен қиындықтар» атты пікірталасқа қатысты. Өз сөзінде ол таңбалау барысына және оның жеткізу тізбегінің ашықтығы мен халық үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігіне әсеріне жан-жақты тоқталды.

Іс-шара фармацевтикалық компаниялардың өндірушілері, дистрибьюторлары және дәріхана желілерінің топ-менеджерлерімен «бепе-бет» форматындағы кездесулермен аяқталады.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
30 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"