Жаңалықтар
10.09.2021

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПРЕПАРАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

Коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік препараттармен халықты жедел қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауында.

Коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор елдің медициналық ұйымдарын медикаменттермен қамтамасыз ету бойынша шаралар  қабылдауда.

Өткен жылдан бастап елдің медициналық ұйымдарына коронавирустық инфекцияны диагностикалау менемдеу хаттамасына сәйкес дәрілік заттар кесте бойынша үзіліссіз жөнелтілуде.

Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды медициналық ұйымдар қалыптастырған көлемде жүзеге асыратындығын және шарттар бойынша жеткізу кестесіне сәйкес жеткізетіндігін атап өткен жөн

Медикаменттерді жөнелту мерзімінен бұрын, медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, аталған препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін, медициналық ұйымдар күн сайын сатып алуға және мерзімінен бұрын жөнелтуге қосымша өтінімдерді жолдайды, өтінімдер жедел тәртіпте өңделеді.

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың болуына келетін болсақ, бүгінгі күні облыстың ауруханаларында препараттар жеткілікті көлемде бар екендігін хабарлаймыз.

Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында дәрі-дәрмектің жоқтығы бойынша халық тарапынан болған өтініштерде қатысты, Бірыңғай дистрибьютор жасалған шарттарға сәйкес дәрідік заттарды жөнелтті.

Дексаметазон инъекцияға арналған ерітінді 4 мг/мл, 1 мл. 601 830 бірл. көлемінде

Гепарин инъекцияға арналған ерітінді 5000 ХБ/мл, 5 мл. 107 790 бірл. көлемінде

Метилпреднизолон (Метипред) инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған  лиофилизирленген ұнтақ 250 мг, 7 920 бірл. көлемінде

Тоцилизумаб (Актемра) инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 200 мг/10 мл, 10 мл. 145 бірл. көлемінде

Тоцилизумаб (Актемра) инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 80 мг/4мл, 4 мл., 54 бірл. көлемінде.

Бірыңғай дистрибьютор тұрақты негізде Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларындағы, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы дәрілік заттардың болуына мониторингті жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, Қоғамдық бақылау халықтан өтініштер түскеннен кейін, Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында медикаменттердің болуына мониторинг өткізді. Қоғамдық бақылау мониторингі облыстың стационарларында дәрі-дәрмек жеткілікті көлемде бар екендігін көрсетті.

Дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-ның байланыс-орталығына 1439 қысқа нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) жүгінуге болатындығын ескертеміз.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдарға уақтылы және жедел жөнелту үшін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында медикаменттердің қорларын құру бойынша келесі бірқатар шараларды қабылдады.

Бірінші: медициналық ұйымдарда КВИ-ді емдеу үшін препараттардың айлық қоры қамтамасыз етілді, жыл басынан бастап 15,1 млрд. тг сомасына жөнелтілді.

Екінші: Covid-19-ды емдеу үшін ДЗ-ның 38 позициясы бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында 6,4 млрд.тг сомасына препараттардың 2-айлық толықтырылатын қоры қамтамасыз етілді.

Үшінші: АДҚ шеңберінде дәрілік заттардың 5 атауы толық көлемде жөнелтілді (қызу түсіретін препараттар: Парацетамол және Ибупрофен, антикоагулянттар: Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран).

Төртінші: бөлшек сауда желісіне интервенция шеңберінде 1,8 млрд. теңге сомасына 26 ДЗ бойынша 2 айлық қор қалыптастырылды және өңірлер әкімшіліктерінің өтінімдері бойынша 8 ОТӨ-ден 10 млн. маска сатып алынды.

Бесінші: бір реттік қорғаныс костюмдерінің (гуманитарлық көмек) қоры қамтамасыз етілді, 200 мың данасы Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында сақталуда.

 Алтыншы: гуманитарлық көмек көрсету бойынша «Шеврон» компаниясымен қол қойылған меморандум шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында 10 млн. жұп көлеміндегі бір реттік медициналық маскалардан тұратын қор қалыптастырылды.

 

 Анықтама үшін:

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу, Үкіметтің № 375 қаулысымен бекітілгенДәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен регламенттелген.

 КВИ-ді диагностикалау мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттар тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (СБК)клиникалық хаттамалар мен дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді. Клиникалық хаттамалар негізінде ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясы дәрі-дәрмектерді бұйрықтарға және Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуға арналған тізіміне енгізеді. Хаттаманы әзірлеушілер жетекші инфекционистер, пульмонологтар және ҚР басқа да клиникалық мамандары болып табылады.

Жамбыл облысында Бірыңғай дистрибьютор арқылы 71 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі, оның ішінде 20-сында коронавирустық инфекциямен (КВИ) ауыратын науқастарды емдеуге арналған бөлімшелер орналастырылған. Аталған 20 медициналық ұйымға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жөнелту олардың өтінімдері бойынша кезек басымдылық тәртібімен (жоспардан тыс) жүзеге асырылады.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще