Жаңалықтар
23.08.2021

COVID-19 КЕЗІНДЕ «РЕМДЕСИВИР» ЖӘНЕ «ТОЦИЛИЗУМАБ» (АКТЕМРА) ПРЕПАРАТТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ

КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы (СБК) клиникалық хаттамаларды жетілдіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы (СБК) клиникалық хаттамаларды жетілдіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

Хаттаманы әзірлеушілер болып үнемі инновациялық және тиімді дәрі-дәрмектерді іздейтін ҚР жетекші инфекционистері, пульмонологтар және басқа да клиникалық мамандар болып табылады.

Өмірге қауіп төндіретін осы инфекцияны емдеуде тәжірибе мен зерттеулер пайда болған сайын клиникалық хаттама мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырды. Хаттамалар амбулаториялық, стационарлық деңгейде ауру ағымының ауырлығына байланысты диагностикалау, емдеу және оңалту әдістерін және реанимациялық бөлімшелер жағдайында қарқынды терапияны, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің көрсетілген деңгейлерінің әрқайсысында оңалту іс-шараларын көздейді және қамтиды.

«Ремдисивир» препаратымен қамтамасыз ету

Ремдесивир препараты, ересектердегі СОVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына 2021 жылдың 1 сәуірінде енгізілді. Стационарлық деңгейде Ремдесивир препараты потенциалды пайдасы потенциалды қауіптен асып кеткен кезде пациенттерде ақпараттандырылған келісімге қол қою кезінде дәрігерлер консилиумының ұсынымы бойынша тағайындалады. Аурудың кейінгі кезеңдерінде препаратты клиникалық жағдайға байланысты медициналық кеңестің шешімімен тағайындауға болады.

Ремдесивир препараты ҚР ДСМ 2020 жылғы 28 шілдедегі №ҚР ДСМ-90/2020 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы негізінде 2021 жылғы 30 шілдеде Бірыңғай дистрибьютор Ремдесивир препаратының 124 707 құтысын сатып алды.

Қазақстанға 18 500 құты препарат келді. Кедендік тазарту, қауіпсіздік пен сапаны бағалау рәсімдерінен өткеннен кейін жедел тәртіппен дәрілік зат елдің медициналық ұйымдарын қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге жөнелтіледі.

Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жөнелту 2021 жылғы 14 тамыздан, өңірлерге/ медициналық ұйымдарға жөнелту 16 тамыздан басталды.

21 000 құты мөлшеріндегі препараттың келесі партиялары 20.08.2021 жылы күтіледі және 85 000 құты 31 тамызға дейін күтіледі, олар жедел түрде барлық аймақтарға жіберіледі.

«Тоцилизумаб» (Актемра) препаратымен қамтамасыз ету

«Тоцилизумаб» ересектерде СОVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына кіреді, екі дозада 80 мг және 200 мг.

Пациент ақпараттандырылған келісімге қол қойғаннан кейін ғана тағайындалады. Препарат пациент үшін препараттың потенциалды пайдасы потенциалды қауіптен асып кеткен кезде дәрігерлер консилиумы шешімінің негізінде тағайындалады.

COVID-19 кезіндегі Тоцилизумаб препараты тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде осы препаратты үзуі мүмкін қабыну реакцияларының тізбесі іске қосылған кезде COVID-19-бен ауыр науқастанған пациенттерде ғана қолданылады.

Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға ТМККК көрсету шеңберінде стационарлық деңгейде «Тоцилизумаб» препаратын «Актемра» сауда атауымен үш дозада (екі дәрілік нысанда) жеткізеді. КВИ емдеуден басқа, препарат стационарлық және амбулаториялық деңгейде басқа нозологияларда да қолданылатындығын айта кету керек.

Дәрілік затты Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларынан медициналық ұйымдардың мекенжайына Шарттарда көрсетілген кестеге сәйкес қамтамасыз етіледі.

Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға медициналық ұйымдар мәлімдеген қосымша көлемді ескере отырып, Тоцилизумаб (Актемра) препаратын – 7 043 құты мөлшерінде сатып алды (жыл басындағы өтініммен салыстырғанда 2 есе өскен қосымша көлемді ескере отырып).

2021 жылғы 2 тамызда Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына мерзімінен бұрын 1 113 құты мөлшерінде препарат жеткізді.

Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша республиканың медициналық ұйымдарына 5 533 құты мөлшерінде Тоцилизумаб (Актемра) жеткізуді жүзеге асырды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, медициналық ұйымдардың қосымша қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор «Актемраны» екі дозада 1 277 құты мөлшерінде қосымша жеткізу мәселесін пысықтады. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына қосымша көлемді жеткізу ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін күтілуде.

Қазіргі уақытта ел өңірлерінде дәрігерлер консилиумы тағайындамай препаратты қолдануды талап ететін халық арасында дүрлікпе байқалады. Стационардағы пациенттердің туыстары дәрігерлерге қысым жасайды, дәрі-дәрмекті өз бетінше сатып алады және медициналық ұйымға береді. Бірнеше рет стационар дәрігерлері емдеу барысына халықтың араласуы бойынша наразылықтарын білдірді. Халықтың, негізсіз, әлеуметтік желілерде препараттың жоқтығына немесе дәрігерлердің оны тағайындаудан бас тартуына қатысты шағымдар жазылды.

Ұлыбританияның медициналық көмекті жақсарту, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметтері бойынша Covid-19 ең ауыр ағымы бар пациенттерде тоцилизумабтың қандай да бір артықшылығы байқалуы мүмкін, егер осы препаратты «емдік терезеге» тағайындаса, кез-келген дамып келе жатқан органның дисфункциясы қайтымды болуы мүмкін.

Коронавирустық инфекцияны емдеу үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұр.

Коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор басым тәртіппен елдің медициналық ұйымдарына дәрілік заттарды жөнелтеді.

Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына кесте бойынша коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес дәрілік заттар үздіксіз жөнелтілуде.

Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдар қалыптастырған көлемде дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады және оларды шарттар бойынша жеткізу кестесіне сәйкес жеткізетіндігін айта кету керек.

Дәрі-дәрмектерді тиеп-жөнелту медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша мерзімінен бұрын жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, көрсетілген препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар күн сайын жедел тәртіпте пысықталатын сатып алуға және мерзімінен бұрын тиеп-жөнелтуге қосымша өтінімдер жібереді.

Бірыңғай дистрибьютор тұрақты негізде Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында да, медициналық ұйымдарда да дәрілік заттардың болуына мониторингті жүзеге асырады.

Бұдан басқа, халықтың өтінішінен кейін Қоғамдық бақылау еліміздің медициналық ұйымдарында дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізді. Қоғамдық бақылау мониторингі өңірлердегі стационарларда дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерде бар екенін көрсетті.

Дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС байланыс орталығына 1439 қысқа нөмірі бойынша (барлық қоңыраулар тегін) хабарласуға болатынын еске садамыз.

Бірыңғай дистрибьютор коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында медициналық ұйымдарға уақтылы және жедел жөнелту үшін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмек қорларын құру бойынша бірқатар шаралар қабылдады.

Бірінші: медициналық ұйымдарда КВИ емдеуге арналған препараттардың айлық қоры қамтамасыз етілді, жыл басынан бері 15,4 млрд. теңге сомасына жөнелтілді.

Екінші: Бірыңғай дистрибьютордың ХАБтарында COVID-19 емдеу үшін ДЗ-ның 38 позициясы бойынша 3,32 млрд. теңге сомасына 2 айлық толықтырылатын препараттар қоры қамтамасыз етілді.

Үшінші: АДҚ шеңберінде дәрілік заттардың 5 атауы толық көлемде тиелді (ыстықты түсіретін препараттар: Парацетамол және Ибупрофен, антикоагулянттар: Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран).

Төртінші: Интервенция шеңберінде бөлшек сауда желісіне 1,8 млрд. теңге сомасына 26 ДЗ бойынша 2 айлық қор қалыптастырылды және өңірлер әкімдіктерінің өтінімдері бойынша 8 ОТӨ-ден
10 млн. маска сатып алынды.

Бесінші: Бір реттік қорғаныш костюмдерінің қоры (гуманитарлық көмек) қамтамасыз етілді,
200 мыңы Бірыңғай дистрибьютордың ХАБтарында сақтаулы.

Алтыншы: Гуманитарлық көмек көрсету бойынша «Шеврон» компаниясымен қол қойылған меморандум шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында 10 млн. жұп мөлшерінде бір реттік медициналық қолғаптардан қор қалыптастырылды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
28 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"