8 желтоқсанда «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы базасында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің Көлік логистикасы жөніндегі кіші комитетінің қорытынды отырысы өтті.
Гибридті форматта өткен кездесуге «KAZLOGISTICS» СТК, «KTZ Express» АҚ-ы, «Қазпошта» АҚ-ның, «Глобалинк Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд» ЖШС-нің, Arthur Consulting, іSilk Way development fundі ҚҚ-ның, «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның, «Қазтеміртранс» АҚ-ның, Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылар ассоциациясы, Бірыңғай дистрибьютордың және басқа да бірқатар компаниялардың басшылығы қатысты.
Күн тәртібінде қатысушылар логистика саласының процестерді автоматтандыру, жүйені жақсарту, даму перспективалары, жеткізу тізбегі мен жүк тасымалын басқару және инвестицияларды тарту бойынша өзекті мәселелерін талқылады.
Фармацевтикалық логистикалық хаб құру тақырыбында Бірыңғай дистрибьютордың басшысы, Көлік логистикасы жөніндегі Кіші комитеттің төрағасы және «KAZLOGISTICS» СТК Төралқасының мүшесі Ерхат Искалиев алғашқы баяндама жасады.
Мемлекет басшысының Қазақстанда тауар топтарын индустрияландырумен сауда-көлік хабын, қойма және көлік логистикасы жүйесін дамыту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор осы орасан зор жобаның бір бөлігіне айналды.
Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық дәрілік заттардың жалпы көлемінің 42%-ын сатып ала отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алудың тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік жобаның үйлестірушісі ретінде өзінің басқарушылық тиімділігін дәлелдеді. Бірыңғай дистрибьютор – фармацевтикалық хабтың алып клиенті.
Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда фармацевтикалық хаб құру процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін барлық басым бағыттар бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Қазақстанның BigPharma жаһандық ойыншыларымен өндірісті жергіліктендіру және инвестицияларды тарту бойынша серіктестігіне ерекше назар аударылады. Әлемдік ойыншылармен тығыз өзара іс-қимылдың жарқын нәтижесі Қазақстан аумағында бірегей инновациялық дәрі-дәрмектер өндірісін жергіліктендіру үшін Pfizer және Roche фармгиганттарымен тарихи ұзақ мерзімді шарттарға қол қою болды.
Фармацевтикалық логистикалық хаб жаһандық ойыншылардың өндірісін ғана емес, олардың логистикасын да жергіліктендіруге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, ішкі логистикалық ағындарды оңтайландырады. Өндіріс трансферті мен логистиканың үйлесімі отандық сала үшін серпіліс болады және елдің дамуына серпін береді.
Сонымен қатар, өңірлік сауда хабы ретінде елдің сауда әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерінің пайда болғанын ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еларалық топтық сатып алу қызметтерін ұсыну моделін зерделеді.
Бастама Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Қырғызфармация» МК-ы және Бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумымен ресми түрде бекітілді.
Екі ел үшін алғашқы пилоттық сатып алуды 2024 жылы өткізу жоспарлануда. Болашақта Бірыңғай дистрибьютор базасында топтық сатып алуды Орталық Азияның басқа республикаларымен де жүзеге асыру жоспарлануда, бұл нарықты кеңейтуге және көлемдерді ұлғайту есебінен сатып алынатын дәрі-дәрмектердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Бірыңғай дистрибьютордың логистика жүйесінің өзі Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбедегі төрт тарату орталығы ұсынады. Семей және Ақтау қалаларында да қоймалар салу жоспарлануда. Хабтар барлық 20 аймаққа жедел жеткізу үшін жарты жылдық және жылдық дәрі-дәрмек қорын қамтиды. Бірыңғай дистрибьютор хабтары сауда-логистикалық хаб құрылымында фармацевтикалық хаб құруда шешуші рөл атқарады.
Осылайша, мұндай шаралар Қазақстанды барлық негізгі көрсеткіштерде оң нәтиже беретін фармацевтикалық хаб құру мақсатына қол жеткізуге жақындата түседі. Ең бастысы – бұл дәрі-дәрмектердің тез және тиімді таралуына ықпал етеді.
Келесі презентация электрондық пошта хабын құру және E-commerce дамыту тақырыбында ұсынылды. «Қазпошта» АҚы Электрондық коммерция жөніндегі басқарушы директоры Сұлтан Мұстафин желіні оңтайландыру және магистральдық-логистикалық хабтар салуды қамтитын логистикалық инфрақұрылымды күшейту стратегиясымен бөлісті.
Компания фулфилмент-орталықтарды белсенді дамытады, танымал отандық және шетелдік маркетплейстерге тапсырыс беру пункттерін ашу бойынша жұмыс жүргізеді, қойма үй-жайлары мен почтоматтар желісін кеңейтеді.
E-commerce-ке келетін болсақ, электрондық коммерция қарқынды дамуда. Фулфилмент-орталықтарды ашып, ыңғайлы инфрақұрылымды құра отырып: сәлемдемелерді қабылдау мен берудің жергілікті пункттері, ішінара сатып алуды енгізе отырып, тапсырыстарды басқару үшін ыңғайлы жеке кабинет құра отырып, компанияда е-com қарқынды өсімі байқалады.
Қазір елде қосылған құны жоғары тауарларды шоғырландыру және тарату бойынша тасымалдаудың мультимодальды жүйесі бар хаб құру қарастырылуда. Осылайша, шығындарды оңтайландыру және электрондық коммерцияны дамыту есебінен компания жергілікті және халықаралық нарықтарда негізгі ойыншы болуға ниетті.
Талқылаудың жеке тақырыбы бондтық қоймалар бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу болды, өйткені бүгінгі күні Қазақстанда бондтық қоймаларды дамыту үшін бірқатар шектеулер бар. Негізгілерінің бірі – ЕАЭО аумағында іске асыру.
Бұл бағытта нормативтік база бөлігінде мәселелерді пысықтау қажет, қатысушылар тауарларды бажсыз әкелу нормаларын қолдана отырып, кеден қоймасынан әкетуді жүзеге асыру мүмкіндігі бойынша, сондай-ақ тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай өзгерістер енгізуді ұсынды.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар фармацевтикалық және пошта хабтарын құру аясындағы пилоттық жобаны талқылады. Бастаманы және оны іске асыру жолдарын «Атамекен» ҚР ҰКП-ы Президиумының логистика және тасымалдау комитетінің Көлік логистикасы жөніндегі кіші комитеті жанынан құрылатын жұмыс тобы қарайтын болады.
Сонымен қатар, күн тәртібінде контейнерлеу бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы баяндама ұсынылып, бірқатар жетекші компаниялармен және жергілікті банктермен бірлесіп цифрлық логистикалық платформаларды дамыту мәселелері талқыланды.
Алматыда, Астанада және Шымкентте көлік және логистика бойынша жоспарлар шеберін құру тақырыбы туралы Arthur Consulting басқарушы серіктесі Александр Ованесов баяндап берді. Бұған барлық мүдделі тараптарды тарту және ашық диалог орнату ықпал етеді. Нәтижесінде, логистика тиімділігінің индексін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында сындарлы әңгімелесу барысында тараптар «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау комитетінің 2024 жылға арналған жоспарының жобасына түрлі ұсыныстар айтылды, оның ішінде инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобалар тізімін құру, цифрлық логистиканы дамыту, Қазақстан көлікшілерінің мүдделерін қорғау, көлік жөніндегі өңірлік, республикалық және халықаралық форумдардағы өзекті мәселелерді жүйелі талқылау және логистика бар. «Global Air Day» жобасын өткізуге бастамашылық жасалды.
Сарапшылардан тұратын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің көліктік логистика жөніндегі кіші комитеті – Қазақстандағы сала жаңалықтарының белсенді бастамашысы болып табылады. Елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тартуға және инновацияларды енгізуге, сондай-ақ Халықаралық тасымалдар көлемінің өсуіне жәрдемдеседі. Қорытынды нәтиже ретінде – экономиканың серпінді дамуы және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін логистиканың жолға қойылған жүйесі.