Жаңалықтар
11.04.2022

МЕДИЦИНАЛЫҚ-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Қазақстан және Оңтүстік Корея арасында медициналық-фармацевтикалық кластерлер құру және әзірлеу аясында ынтымақтасу мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау индустриясы Korean Health Industry Development Institute (KHIDI) Даму институтының көмегімен «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға Мемлекеттік сапары өткен болатын. Аталмыш сапар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейту үшін негіз болды.

Дөңкелек үстелге Оңтүстік Корея тарапынан KHIDI, Кёнги, Инчхон және Сонгдо ірі корейлік фармацевтикалық кластерлерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан бірыңғай дистрибьютор, "Kazakh Invest" АҚ, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің, "Астана медициналық университеті" ҰАҚ, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақтөбе облысы әкімдіктерінің, салалық қауымдастықтардың, отандық тауар өндірушілердің, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторлар тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді позицияға ие, бұл, өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың қолдауын және ерекше назарын аударады.

Осылайша, фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейін ірі брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

 Дөңгелек үстел барысында Бірыңғай дистрибьютор кластерлік бастаманы іске асыру жөніндегі пайымын таныстырды, сондай-ақ қазақстандық фармнарық пен "СҚ-Фармация" ЖШС дәрілік қамтамасыз ету жүйесіндегі жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты ұсынды.

Бұдан басқа, медициналық жабдықтар мен шығыс материалдарының өндірісі белсенді дамитын болады. Ел Президенті отандық өндірушілермен жасалған оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді тапсырды. Отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылдың өзінде қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізу қажет. Бұл салалар инвестициялар үшін ашық және мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады. 

Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азиядағы алғашқы сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Корея – Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық әріптестерінің бірі. "Таңғы балғындық елі" Азиядағы сауда серіктестеріміздің арасында қазірдің өзінде екінші орында. Сонымен қатар, Корея еліміздегі ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Корея Қазақстан экономикасына 6 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 5,9 млрд АШ долларына жетті.

Оңтүстік Кореяның фармацевтикалық нарығы соңғы жылдарда ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып табылады. Оңтүстік Корея ғылымның перспективалы бағыттар саласындағы инновациялық даму, биосимилярлар өндірісін оқшаулау, Мемлекеттік, сондай-ақ жеке капиталды тарту жолымен жүріп, елге үздік халықаралық мамандарды жұмылдырды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор KHIDI офисімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, СҚ-Фармация, "Kazakh Invest" АҚ және әкімдіктермен бірлесіп өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігін пысықтауды, сондай-ақ өңірлік медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бойынша Жол картасын әзірлеуді және бекітуді ұсынды.

Бірыңғай дистрибьютор қымбат тұратын инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында алға бастыру бойынша ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бастамасы және Нұр-сұлтан, Ақтөбе және Шымкент қалаларында кластерлердің жоғарғы деңгейлік құрылымы әзірленді.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу аясында кореялық ірі фармацевтикалық кластерлерге барып қайту ұсынылды. Бірыңғай дистрибьютор кореялық фармацевтикалық және медициналық техника өндірушілерінің, сондай-ақ R&D орталықтарын құру үшін медициналық жоғары оқу орындарының тізбесін ұсыну үшін сұрау жібереді.

Тараптар тікелей диалог – екі тарап үшін де пайдалы болатынын, ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге қызмет ететінін және медицина мен фармацевтика саласындағы инвестициялық серіктестіктің дамуына серпін беретінін атап өтті. Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бойынша тәжірибе алмасу аясында ынтымақтастықты дамыту Денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де кең перспективалар ашады.

Сонымен қатар, корей тарапы әлеуетті инвесторлар үшін шарттарды, жеңілдіктер мен преференцияларды түсіндіру, қазақстандық фармацевтикалық нарықтың жай-күйі туралы талдамалық ақпарат беру бойынша қазақстандық фармацевтикалық өндірушілермен мүдделі корей компаниялары үшін BIO KOREA 17-ші халықаралық конвенциясы аясында өзара ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және дөңгелек үстел өткізуге қызығушылық білдірді.

Анықтамалық:

KHIDI – Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне бағынатын мемлекеттік мекеме. KHIDI институты 1999 жылы корей медициналық саласының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіби және жүйелі қолдауды қамтамасыз ету үшін құрылды.

KHIDI мақсаты – жоғары сапалы және заманауи медициналық қызметтерді ұсынатын мекемелер мен компанияларды корей экономикасының өсуінің қозғаушы күшіне айналдыруға ықпал ету. KHIDI кореялық медициналық қызметтердің, фармацевтикалық өнімдердің, медициналық жабдықтардың және косметикалық өнімдердің күшті жақтарын біріктіре отырып, әлемдік аренада "Корей толқынын" құруға тырысады.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще