Жаңалықтар
13.05.2021

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін, 12 мамырда құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіретін «СҚ-Фармация» жанындағы қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Бірыңғай дистрибьютордың осы алаңында азаматтық қоғамнан келіп түсетін мәселелер үнемі көтеріліп отырады және қажетті ұсыныстар енгізу үшін халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер ашық талқыланады.

 

Күн тәртібінде бірінші болып ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырыс қатысушылары Бірыңғай дистрибуция жүйесінің бизнес процестерінің моделімен танысты. Сондай-ақ, өңірлердегі медициналық ұйымдардың жоспарлау рәсімдерімен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Осылайша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ Вице-министрінің бұйрығымен ДЗ мен МБ қажеттілігін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі НҚА-ға пациентке бағдарлану бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауда. ДЗ мен МБ жоспарлаудың жаңа моделін енгізу жоспарлануда, оның мәні ақпараттық жүйелердің деректері негізінде өтінімдерді қалыптастырудың автоматты режимінде. Бірыңғай дистрибьютор жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету нәтижесі болатын жеткізудің икемді кестесі бар жылдық көлемді сатып алу моделін ұсынды (жылдық қажеттілік +25% төмендетілмейтін қор).

Сонымен қатар, қоғам белсенділері ағзалар мен тіндерді трансплантациялағаннан кейін пациенттерді «Сандиммун Неорал, капсулалар» препаратымен қамтамасыз ету туралы хабардар етілді.

 

Сондай-ақ, Күн тәртібінде Компаниядағы бизнес-процестерді толық автоматтандыру жолымен сатып алу рәсімдерін жетілдіру қарастырылды. Бұл бастаманың мақсаты медициналық қызмет көрсету сапасын, оның ішінде құжат айналымы жүйесін электрондық форматқа толық көшіру арқылы арттыру болып табылады.

Сатып алу рәсімдерін жеделдету, оның ашықтығын қамтамасыз ету, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін конкурстық өтінімдерді қарау кезінде ҚР ҚМ Электрондық қаржы орталығының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталын ҚР ДСМ, E-Gov, Е-лицензиялаудың электрондық жүйелерімен интеграциялау арқылы тендерлік рәсімдерді толық автоматтандыру мәселесі пысықталуда.

Кездесуге қатысушылар тұрғындарды ДЗ және МБ-мен, оның ішінде жіті эпидемиологиялық жағдай кезеңінде уақтылы қамтамасыз ету мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен таныстырылды. Және әзірленген «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына енгізілген негізгі өзгерістермен танысты.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе COVID-19 вакциналарын жөнелту және сатып алу туралы есеп және құрылған шприцтер қоры болды. Бүгінгі таңда елімізде ресейлік «Спутник V» вакцинасы бар, оны шығару Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған, отандық QazVac вакцинасы және Пекин биологиялық өнімдер институты әзірлеген Біріккен Араб Әмірлігінде өндірілген Hayat-Vax вакцинасы бар.

Ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 29 сәуірі аралығында өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 1 843 995 дозасы, QazVac вакцинасының 50 000 дозасы және Hayat-Vax вакцинасының 400 000 мың дозасы жеткізілді.

Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялаудың басталуымен вакцинаны енгізу үшін бір реттік өздігінен жойылатын шприцтердің қажетті қоры қалыптасуда. Осылайша, халықты вакцинациялаумен қамту үшін вакцинаның I және II компоненттерін енгізуді ескере отырып, 21,2 млн. шприц сатып алынды. Сатып алынған Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына кестеге сәйкес 11,4 млн. бірлік шприц мерзімінен бұрын келіп түсті, оның ішінде денсаулық сақтау басқармаларының әртүрлі тапсырыстары негізінде өңірлерге 5,26 млн. бірлік шприц жөнелтілді, бұл КВИ-ға қарсы вакцинаның жөнелтілген көлемі үшін жеткілікті. Осылайша, Бірыңғай дистрибьютор халықты вакцинациялаумен толық қамту үшін өздігінен жойылатын шприцтер қорын құрды.

Кездесу барысында сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған «Саламатты ұлт» ұлттық жобасы ұсынылды. Осы бағытта Қазақстан Үкіметі фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдап, іске асырып жатыр, оның қолданысы пандемиямен байланысты ағымдағы проблемаларды шешуге бағытталған. Пікірталас шеңберінде инвестициялық жобаларды қолдау құралдарының мәселелері, отандық фармацевтикалық нарықтың импортқа тәуелділігі, технологиялар трансфері, бірегей дәрілік заттардың локализациясы және субстанциялар өндірісі мәселелері белсенді талқыланды.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйелері жұмысының оңтайлы модельдерін талқылады, халықты қажетті дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді жетілдірудің жалпы тәсілдерін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық жұмыс тобының мүшелері айтқан барлық ұсыныстар мен өтініштер «Проблемалық мәселелер кітабына» енгізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіретін «СҚ-Фармация» ЖШС қоғамдық жұмыс тобы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында құрылған.

Бүгінгі күні жұмыс тобының алаңында төрт отырыс және ҚР Денсаулық сақтау министрімен бір кездесу өткізілді. Жұмыс тобының әрбір отырысы Facebook-тегі
«СҚ-Фармацияның» ресми парақшасында таратылады.  

Топ компания қызметінің проблемалық мәселелерін талқылап қана қоймай, қоймаларға мониторинг жүргізуді, ауруханалар мен дәріханалардың қажеттіліктерін болжауды, дәрі-дәрмектерді ауруханаларға жөнелту уақытын бақылауды, сондай-ақ сатып алу рәсімдеріне және өнім берушілермен келіссөздерде бақылаушы ретінде қатысуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще