Жаңалықтар
20.05.2021

ПАЦИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНУШЫЛЫҚ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

19 мамырда Бірыңғай дистрибьютор алаңында әртүрлі аурулар топтары бойынша пациенттік ұйымдармен кездесу өтті.

Кездесуге келесі пациенттік ұйымдар қатысты:

Бастапқы иммун тапшылығы диагнозы бар балалардың ата-аналар қоғамдастығы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Шашыраңқы склерозбен ауыратын мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы, AGEP ҚҚ, "Өмір үшін бірге" Меланома Қоғамдастығы, "Подранки-Шарасыздар" Мүгедектер бірлестігі, "ҚР диабеттік қауымдастығы" ("ҚРДҚ" ЗТБ), Республикалық қоғамдық бірлестік, "Өмір сыйы" трансплантациядағы пациенттер қоғамы", "Сенім" бүйрегі ауыстырылған мүгедектер мен гемодиализдегі пациенттер қоғамы" РҚБ, "Өмір тынысы" ағзаларды транспланттаудан кейін науқастарды оңалту жөніндегі қоғамдық бірлестік, "ҮмітЖолы" барлық органдарды транспланттау бойынша мүгедектер қоғамы" РҚБ, "Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің Қазақсандық Қауымдастығы"

"СК-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы қатысушылармен сәлемдесіп, әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша әрбір пациентті қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда екенін және әрбір медициналық ұйымға жедел жеткізу бойынша қолмен режимде пысықталып жатқанын атап өтті. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор үшін пациентке бағдарлану қағидаттары басым болып табылатындығын атап көрсетті.

Сонымен қатар, пациенттік ұйымдардың өкілдері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралармен таныстырылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі НҚА-ге пациентке бағдарлануға қатысты өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауда. ДЗ және МБ жоспарлаудың жаңа үлгісін енгізу жоспарлануда, оның мәні ақпараттық жүйелердің деректері негізінде өтінімдерді қалыптастырудың автоматты режимінде жатыр. Бірыңғай дистрибьютор жеткізудің икемді кестесі бар жылдық көлемді сатып алу үлгісін ұсынды (жылдық қажеттілік + 25% азайтылмайтын қор), оның нәтижесі жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету болады.

         Сондай-ақ, орфандық аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Оны шешу үшін қайта жүктеу шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор сатып алуға өтінім жинау үшін пациенттер санын есепке алуды іске асыруды, халықаралық сертификаттарды тану тетіктерін әзірлеуді және орфандық дәрі-дәрмектерді тіркеу рәсімдерін оңайлатуды және республикалық және жергілікті бюджеттердің және Орфандық аурулары бар балаларды қолдау қорының қаражаты есебінен барлық орфандық аурулар бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыруды ұсынады.

Бүгінгі күні дәрілік заттарға өтінімдерді қалыптастыру процесі пациенттер үшін ашық болып табылады. Бірыңғай дисрибьютордың веб-сайтында интерактивті анықтамалық бар, онда пациенттер онлайн режимде медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімі бойынша барлық ақпаратты: медициналық ұйымның қажетті препаратқа өтінімі орналастырылған ба, қанша мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай-ақ оның ағымдағы сәтте болуын және келесі жеткізудің жоспарланған мерзімдерін бақылай алады.

Кездесу барысында Бірыңғай дистрибьютордың байланыс орталығының есебі тыңдалды. Есептік кезеңде халықтан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 27 128 қоңырау қабылданды. Оның ішінде диспансерлік есепте тұрған пациенттерден 22 589 шағым. Халықтан алынған мәліметтерді, БФАЖ есептік деректерін, медициналық ұйымдардың алдын ала және түпкілікті өтінімдері бойынша деректерді талдау нәтижелері бойынша жіктеуіш бойынша жүгіну себептері анықталады, бұл себептік факторлар бойынша өтініштерді топтастыруға және пациенттердің өтініштерінің бірінші себептеріне талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, себептік факторларды талдау өтініштердің ең көп саны - медициналық ұйымдардан дәрілік заттарға өтінімнің болмауы себепті болғанын көрсетеді.

Бұдан басқа, операторлар облыстардың кураторларымен және бірыңғай дистрибьютордың өңірлік өкілдерімен бірлесіп, пациенттердің дәрі-дәрмектерді іс жүзінде алуына мониторинг жүргізе отырып, қолда бар дәрілік заттарды толық алмау фактілері бойынша әрбір шағымды пысықтайды.

Пікірталас шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлау мәселесі белсенді талқыланды. Пациенттік ұйымдардың өкілдері қажеттілікті қалыптастыру және жоспарлау аспектілерін жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар логистика, дәрі-дәрмектерді қайта бөлу және ақпараттық жүйелер мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар халықты қажетті дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етуді жетілдірудің жалпы тәсілдерін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша пациенттік ұйымдармен айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер "Сұрақтар кітабына" енгізілетін болады. Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарай жұмыс істеу үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жазбаша түрде жіберетін болады.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеттерінің бірі дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез келген төтенше жағдайда икемді және ең алдымен пациенттердің қажеттіліктеріне бағдарланатындай жұмысты ұйымдастыру болып табылатынын атап өткен жөн.

Біздің басымдығымыз - халық үніне құлақ асатын денсаулық сақтау жүйесі.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще