Жаңалықтар
30.09.2022

ПАЦИЕНТТІК ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС ҚИМЫЛ ТҰРАҚТЫ НЕГІЗДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

29 қыркүйекте «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы онлайн форматта аурулардың әртүрлі топтары бойынша пациенттік ұйымдармен кезекті кездесу өткізді. Кездесуге 18 пациенттік ұйымның өкілдері қатысты.

Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма Төрағасы қатысушыларды құттықтай отырып, Бірыңғай дистрибьютор үшін пациентке бағдарлану қағидаттары және әрбір пациентті қамтамасыз ету мәселесі басым болып табылатынын атап өтті. Басты басымдық – еститін денсаулық сақтау. Азаматтардың, қоғамдық ұйымдар мен пациенттердің барлық сұраныстарына жедел және сындарлы жауап беру қажет. Бұл Бірыңғай дистрибьютордың даму стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі болды.

Кездесуде пациенттік ұйымдар ұсынған Бірыңғай дистрибьютор мен азаматтық қоғам тұлғасындағы мемлекеттің өзара іс-қимылының әртүрлі мәселелері талқыланды. Осылайша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар, дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігі және жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері өздерінің қиындықтары, тілектері мен ұсыныстары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, орфандық аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Оны қайта жүктеу бағдарламасы шеңберінде шешу үшін Бірыңғай дистрибьютор сатып алуға өтінім жинау үшін пациенттер санын есепке алуды іске асыруды, халықаралық сертификаттарды тану тетіктерін әзірлеуді, орфандық препараттарды тіркеу рәсімін жеңілдетуді және республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен барлық орфандық аурулар бойынша препараттарды сатып алуды орталықтандыруды ұсынады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта осы бағыт бойынша бірқатар нәтижелер бар. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Мысалы, сатып алу қағидаларында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша Бірыңғай дистрибьютор тізбесіне енгізілмеген орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу көзделген. ЮНИСЕФ-тен орфандық препараттардың 66 атауын жеткізу мүмкіндігі туралы баға ұсынысы алынды.

Кездесу аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі белсенді талқыланды. ҚР Үкіметінің Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі отырысында Қазақстан өз азаматтарын өз өндірісінің сапалы дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етуі тиіс екендігі атап өтілді. Осылайша, отандық өндірушілер озық технологиялар трансферін қамтамасыз ету, бірегей, инновациялық препараттар өндірісін оқшаулау бөлігінде шығарылатын өнімнің құрамына бағдарлануы қажет.

Кездесу барысында Бірыңғай дистрибьютордың байланыс орталығының есебі де тыңдалды. Оның маңызды функцияларының бірі халықпен кері байланыс және пациенттердің Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын тегін дәрі-дәрмектерді алуын бақылау. Ол халықтан жеткізілімдегі іркілістер туралы деректерді жинақтайды, келіп түскен өтініштер мен шағымдардың күнделікті есебін және мониторингін жүргізеді. Дәрі-дәрмектер туралы ақпарат халыққа «нақты уақыт» режимінде беріледі.

Жыл басынан қыркүйек айына дейін келіп түскен қоңыраулар саны 25 мыңнан асты. Оның ішінде 22 мыңнан астамы - клиент карточкасын тіркей отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштер. 4 мыңнан астам Бірыңғай дистрибьютордың қызметі бойынша ақпараттық сипаттағы қоңыраулар. Өтініштердің ең көп саны елордадан келіп түсті – 4620, содан кейін тізім бойынша ШҚО-2499, үштікті Алматы қаласы тұйықтайды – 2311. Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі қант диабетіне қатысты болды.

Қорытындылай келе, Бірыңғай дистрибьютор Басшысы нақты ұсыныстар, сұрақтар дайындағандардың барлығына алғысын білдіріп, белгілі бір басқару шешімдерін қабылдау кезінде міндетті түрде ескерілетін қоғамдық, әсіресе пациенттік бірлестіктердің пікірі өте маңызды екенін атап өтті. Ол қоғамдық ұйымдар мен Бірыңғай дистрибьютор арасында қалыптасқан тұрақты және нәтижелі ынтымақтастық болашақта тек күшейіп, кеңейе түседі деген үмітін білдірді.

«Сіздің қызығушылығыңызтақырыпты терең практикалық білу бізге халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін анықтауға көмектеседі. Сіздің барлық ұсыныстарыңызды Бірыңғай дистрибьютор нақты пысықтайтынын білемін», - деді ол.

Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі оң өзгерістерді және Бірыңғай дистрибьютордың өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жалпы қоғамдық ұйымдардың да, әрбір жеке пациенттің де проблемаларын шешу жөніндегі жұмысын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар халықты қажетті дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етуді жетілдірудің жалпы тәсілдерін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша пациенттік ұйымдар айтқан барлық ұсыныстар мен өтініштер «Мәселелер тізіліміне» енгізілді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
28 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"