Жаңалықтар
14.02.2023

SINOVAC ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ГИГАНТЫ ВАКЦИНАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА МҮДДЕЛІ

2023 жылы 14 ақпанда «СҚ-Фармация»  Бірыңғай дистрибьютор қытайлық Sinovac Biptech LTD. фармацевтикалық гигантымен кездесу өткізді.

Биофармацевтикалық  компания  инфекциялық ауруларға қарсы вакциналарды зерттеумен, жасаумен, өдірумен және коммерцилизациялаумен айналысады.

Кездесуде Sinovac компаниясы атынан Еуропалық аймақта халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директор Игорь Мозолевич  және Еуропалық аймақта сату жөніндегі менеджер Сыци Фэн қатысты.

Sinovac компаниясы  Қазақстан Республикасы аумағында вакциналарды локализациялау мүмкіндігі мәселелеріне қызығушылығын білдірді және өндіретін өнімдері бойынша ақпаратпен бөлісті. 

Қытай нарығына назар аударған Sinovac компаниясы халықаралық нарықтарда мүкіндіктерді іздеуді жалғастыруда. Sinovac әлемнің ондаған елдерімен мықты серіктестік қатынастар орнатты.  Онда өз өнімдерін сатуға лицензиялар алды, соның ішінде COVID-19 қарсы, гепатитке және  АИТВ қарсы инактивтендірілген вакциналарды қоса алғанда.

Sinovac  компаниясының коммерциялық вакциналары  Healive ( A гепатитінен), Bilive (аралас A және В гепатитінен, Anflu (тұмаудан), Panflu (H5N1) және PANFLU.1 (H1N1),сондай-ақ пандемиялық тұмауға қарсы әмбебап  вакцина және жапон энцефалитына қарсы вакцина болып табылады. .

Сонымен қатар, энтеровирус 71 қарсы, әмбебап пандемиялық тұмауға, жапон энцефалиты және адамдардың құтыруына қарсы вакциналар.

Оның Tangshan Yian  еншілес компаниясы жануарлардың құтыруына қарсы өзі ойлап тапқан инактивтендірілген вакциналарына далалық сынақтар жүргізуде.

Ал 2020 жылдың сәуірінің ортасынан бастап Қытай Sinovac жасаған COVID-19 қарсы вакцина үшін клиникалық сынақты бекітті. CoronaVac атауын алған вакцина COVID-19 қарсы инактивтендірілген тұтас вирустық вакцина болып табылады.

Мемлекет басшысы жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өткенін еске саламыз.

Қазақстан үшін заманауи технологиялардың трансферті, жеке өзінің локализацияланған алаңдарды енгізу және олардың болуы аса маңызды. Вакциналардың жолға қойылған отандық өндірісі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына айтарлықтай әсер етеді.

Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор әлемдік фармацевтика индустриясының ірі ойыншыларымен кездесулер өткізеді, олардың барысында қазақстандық фармацевтикалық нарыққа қатысудың перспективалық жоспарлары және салаға инвестициялау мәселелері талқыланады.

Талқылау барысында ұзақ мерзімді шарттардың, тікелей келісімшарттардың тетіктерін пайдалану мүмкіндіктері туралы да айтылды. Сонымен қатар, жақын елдер үшін вакцина хабтарын құру мүмкіндігі мәселесі талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күшті шоғырландыру қажеттігі атап өтілді. Тараптар бүгінгі диалог міндетті түрде жалғасын тауып, өзара тиімді нәтижелерге алып келеді деген сенім білдірді.

Анықтама:
Sinovac Biotech Ltd. – қытайлық биофармацевтикалық компания. Компания Пекинеде орналасқан.
Sinovac Biptech LTD. әлемдік жиынтық сатылымы 160 миллионға жуық дозаны құрайды. 2019 жылы орташа есеппен минутына 112 адам иммундық қорғалу үшін Sinovac компаниясының вакцинасымен егілген.

2020 жылы сәуірдің ортасында Қытай Sinovac жасаған COVID-19 қарсы вакцина үшін клиникалық сынақты бекітті.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще