Жаңалықтар
14.02.2023

СК-ФАРМАЦИЯ МЕН QAZTRADE ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТКАНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН ӨСІРУГЕ НИЕТТІ

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының алаңында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның өкілдері бас директор Нуралы Букейхановпен және бас директордың орынбасары Айбек Сағынаевпен кездесу өтті.

Бірыңғай дистрибьюторды құрудың мақсаттарының бірі Қазақстанның  отандық фармацевтикалық өндірісін қолдау және дамыту, сонымен бірге экспорттық әлеуетін өсіру.

Экспорттық өнімдерді ілгерлету – бұл ҚР Үкіметі үшін кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды элементі. Кәсіпкерлердің қазіргі бастамаларын дамыту және отандық өнімдер үшін жаңа нарықты іздеу міндеті. 

Мемлекет басшысы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік тауарларының экспортын реттеу қажеттілігіне баса назар аудара отырып, сыртқы сауда қызметін жандандырудың және қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға жылжытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ол экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлар номенклатурасын және экспорттау географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Дүние жүзі өнеркәсіп пен экономиканы экологиялық тазартуға бет бұрды. Қазір бұл – әншейін сөз емес, салық, баж және техникалық реттеу шаралары сияқты нақты шешімдер. Біз одан тыс қала алмаймыз. Мұндай шешімдер экспорт, инвестиция және технология трансферті арқылы елімізге тікелей әсер етеді. Шын мәнінде, бұл – Қазақстанның орнықты дамуы мәселесі», - деді Президент.

Экспорттық әлеуетті арттыруға және сыртқы сауданы кеңейтуге бағытталған қазақстандық өндірушілер үшін экспортты акселеразиялау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында СҚ-Фармация және QazTrade өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Атап айтқанда, бұл ынтымақтастық отандық дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық құралдарды сыртқы нарыққа жылжытуды көздейді.

Тараптар отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздеу және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтарды шетелдік алаңдарға жылжыту үшін жағдайлар жасаубойынша әріптестікті дамытуға ниетті.

QazTrade, өзінің кәсіби қызметі мен құзіреттілігіне сүйене отырып сыртқы нарықтардағы саудадағы кедергілерді зерттеуге және анықтауға жәрдемдесуге, ДСҰ және ЕАЭО шеңберінде ұлттық мүдделерді қорғауға, сонымен қатар елдің сауда саясатын іске асыруға қатысуға дайын.

Жоғарыда аталған мақсаттарға бірқатар іс-шаралар өткізу, шетелдік нарықтарды талдау, отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ақпарат пен тәжірибе алмасу арқылы қол жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, кездесу барысында QazTrade өкілдері отандық өндірушілерге отандық бизнестің мүдделерін қорғау және ілгерілету бойынша презентация өткізді. Бұған дейін СҚ-Фармация бастамасы бойынша экспорттық шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша фармацевтика өнеркәсібінің отандық өндірушілерін кеңінен ақпараттандыру үшін QazTrade-ден оқыту семинары өткізілген болатын.

QazTrade экспорттаушылардың ықтимал қателіктерін және шығындарды өтеу үшін өтінімдердің дұрыс бағыты бойынша ілеспе мәселелерді болдырмау үшін export.gov.kz порталы арқылы өтінім беруге қадамдық нұсқаулықпен  жәрдем көрсетеді  .

Мемлекет отандық экспорттаушыларды қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге ынталандыру үшін қосылған құны жоғары тауарлардың шығындарын және жергілікті қамту үлесін өтеуді көздейтін түзетулер пакетін қабылдады.

Қазіргі уақытта мемлекет қазақстандық өндіруші-экспорттаушыларға тауарды тасымалдау, жарнама және көрмелерге қатысу шығындарының бір бөлігін өтейді. Қаржылық қолдау сондай ақ шетелдердегі өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қоймалар мен сауда сөрелерін ұстауға бағытталатын болады. Бұдан басқа, өндірушілерге тауар белгілерін тіркеу, франчайзингке рұқсат алу және сертификаттау мен аккредиттеуден өту рәсімдеріне жұмсалған шығындардың бір бөлігі өтелетін болады.

Өз кезегінде, СК-Фармация өкілдері бірыңғай дистрибуция жүйесі, фармацевтика өнеркәсібін дамыту және медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу және жарақтандырудың 5 жылдық бағдарламасы шеңберінде өндірісті оқшаулау туралы мәлімдеді.

Бірыңғай дистрибьютордың фармацевтика саласында қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде қарастырылғанын атап өтеміз. Қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен 4 672 дәрі-дәрмек атауын жеткізуге жасалған 100 ұзақ мерзімді шарттар қолданыста.

Осылайша, фармацевтикалық өнімге кепілдендірілген он жылдық мемлекеттік тапсырыстың арқасында Қазақстанның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілерінде жаңа өндірісті іске қосу немесе қолданыстағы өндірісті жаңғырту мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор отандық нарыққа жаһандық ойыншыларды тартуда. Қазақстандық өндірушілер базасында BigPharma дәрі-дәрмек өндірісін оқшаулау мәселесі белсенді түрде пысықталуда. Қазірдің өзінде F. Hoffmann-La RocheNovo Nordisk, Pfizer жаһандық фармакомпаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. AstraZenecaBayerTakeda Pharmaceutical және оңтүстік кореялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Келіссөздер қорытындысы бойынша сыртқы нарықтарға шығу үшін отандық өндірушілерді сүйемелдеу бойынша фокус-топтар құру жоспарлануда. Ол үшін мүдделі тараптармен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін, оның ішінде салалық қауымдастықтардың қатысуымен арнайы чат құрылады.

Кездесу соңында тараптар тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді, оның нәтижесі отандық брендтердің оң имиджін қалыптастыру және елдің фармацевтикалық секторын дамыту, сондай-ақ нақты бастамалар мен бағыттар бойынша жергілікті кездесулер өткізу болады.

Анықтама:

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жалпыұлттық сауда жүйесінің өзекті проблемалық мәселелерін зерттейді және анықтайды және елдің сауда саясатын іске асыруға белсенді қатысады. 2006 жылдан бастап өзінің қызмет ету тарихы, институционалдық жады бар және өзін сауда-экономикалық қатынастар саласындағы Қазақстанның негізгі зерттеу компаниясы ретінде көрсетті.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще