Жаңалықтар
23.02.2021

"СК-ФАРМАЦИЯ" ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ "СПУТНИК V" ВАКЦИНАСЫН ТИЕУГЕ КІРІСТІ

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын пайдалана отырып, халықтың коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациясы басталғаны белгілі.                                                                                                 

2020 жылғы тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресей тікелей инвестициялар қорымен (РФПИ) сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін осы вакцинаның кепілдік берілген көлемін бөлу туралы келісімге қол қойды.                                                                                                                           

Қазіргі уақытта "Спутник V" вакцинасын өндіру отандық өндіруші "Қарағанды фармацевтикалық кешені" (ҚБК) базасында жолға қойылған. ҚБК қуаттарында вакцина өндіру туралы шешім ҚР ДСМ және РҚАО комиссиясы қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарды инспекциялау және аралау нәтижесінде қабылданды.   Осыған байланысты Мемлекет басшысының жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасымен "Спутник V"вакцинасының 2 060 000 дозасын сатып алуға шешім қабылданды. "СК-Фармация" мен ҚБК арасында тиісті Жеткізу шартына қол қойылды.                                                                                                                    

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚБК-да өндірілген 90 мың доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясын жөнелту басталды, ол елдің 90 мың халқын қамтитын болады.                                        

 Авиа және авто көліктерде мультимодальдық тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, тиеп жөнелтілген вакцина партиясы бөлініп, Нұр – сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орналасқан "СҚ-Фармация" хабтарына, ал хабтардан елдің барлық өңірлерінің Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына қысқа мерзімде жеткізілетін болады.  Ресейлік "Спутник V" вакцинасын сақтаудың температуралық режимі -20°C (минус жиырма градус). Осыған байланысты вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында өндірушіден халықты вакцинациялауға дейінгі барлық жолда тасымалдау кезінде "суық тізбек"талаптарын қатаң сақтау міндетті болып табылады.                                                                    

 Вакциналарды сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдардың алдын алу үшін бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттарды сақтауды GDP стандартына сәйкес келетін фармацевтикалық хабтар мен қоймаларда жүзеге асырады.                                                  

 Бірыңғай дистрибьютордың хабтары мамандандырылған мұздатқыш және тоңазытқыш камераларымен, температура мен ылғалдылық мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, вакцинаны тасымалдаудың барлық деңгейлерінде температура көрсеткіштерін ілеспе құжаттарда белгілей отырып, келіп түсуді және одан әрі жөнелтуді тіркеу жүргізіледі.  Вакцинаны аймақтарға дейін сақтау және тасымалдау осы талаптарға толық сәйкес келеді.     

  Бұдан былай республика аумағында "Спутник V" вакцинасын шығару және жөнелту логистикалық шығындарды қысқартуға және қысқа мерзімде медициналық мекемелерге жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл "суық тізбектің" оңтайлы жағдайларын сақтау тұрғысынан, логистикалық жеткізілім тізбегін қысқарту тұрғысынан өте маңызды.

 

Анықтама үшін:

"СК-Фармация" - дәрілердің бірыңғай дистрибьюторы. Компания тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, компания дәрі-дәрмектерді сақтайды, мемлекеттік медициналық мекемелерге логистика процестерін ұйымдастырады. 2011 жылдан бастап "СҚ-Фармация" республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына қаржы лизингі шарттарында беруді ұйымдастырушы болды. "СК-Фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы дәрі-дәрмектерді дәріханаларға бөлшек сауда үшін жеткізбейді. Бірыңғай дистрибьютор тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдарға ғана жеткізуді жүзеге асырады.

2005 жылы құрылған "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС ірі отандық тауар өндірушілердің бірі болып табылады. Бірыңғай дистрибьютор мен "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС арасында 96 ДЗ атауын жеткізуге 4 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Қосымша, 2021 жылға арналған екі кезеңдік тендер шеңберінде ҚБК ДЗ-ның 11 атауын жеткізуді жүзеге асырады.

 

 

"СК-Фармация" ЖШС жұмысы туралы қосымша ақпаратты компанияның баспасөз қызметінен ала аласыз

+7 7172 57 13 06

 pr@sk-pharmacy.kz

 

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще