Жаңалықтар
21.09.2021

СК-ФАРМАЦИЯ САЛҚЫНДАТУ ТІЗБЕКТІ ЦИФРЛАНДЫРУ ҮШІН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗДІ

Мемлекет Басшысының вакциналарды сақтаудың температуралық режимін тиісті түрде сақтау туралы тапсырмасын орындау мақсатында «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор ҚР Вице-Премьері Е.Тоғжановтың хаттамалық шешімі негізінде салқындату тізбекті цифрландыру үшін пилоттық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асырды.

Вакциналарды тасымалдау «салқындату тізбегінің» қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі.

«СҚ-Фармация» пилоттық жобаның бірінші кезеңі шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ ұсынған Sinopharm компаниясының Қытайда өндірілген вакциналардың импортталған партиясына Data Matrix кодымен стикер шығару және эмиссия жүргізуді жүзеге асырды, онда өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына одан әрі тасымалдау үшін сақтаудың сипаттамалары мен температуралық режимі ескерілген.

Көрсетілген үдеріс салқындату тізбекті сақтай отырып, соңғы тұтынушыға дейін вакциналардың қозғалысын тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл әрбір қаптаманы тасымалдау кезінде орналасқан жері мен тиесілігін және температуралық режимін қадағалауға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаның екінші кезеңінде отандық өндіруші – Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын «Спутник V» COVID-19 вакцинасының партиясы зауыттан соңғы тұтынушыға дейін салқындату тізбегінің бақылануына жатады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласы цифрлық трансформация процесінде тұр. Салқындату тізбекті цифрландыру вакциналардың қозғалысының айқын тізбегін және нақты уақыт режимінде деректерді басқаруды қамтамасыз етеді, тасымалдау мен сақтау кезінде бұзушылықтардың алдын алады. Ықтимал қауіптерді бағалай отырып, кодты қолдану арқылы стикерлеу Бірыңғай дистрибьютор хабынан денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына және вакцинация пункттеріне дейінгі барлық тізбекті бақылауға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін басымдық – ол сапа мен қауіпсіздік,
сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде температуралық режимді сақтау.

 Анықтама:

Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүргізіледі:

1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;

2. Бірыңғай дистрибьютор хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;

3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;

4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.       

 

1-кезең. Өндіруші                              2-кезең. Бірыңғай дистрибьютордың қоймалары   

3-кезең. Өңірлердегі ДСБ                 4-кезең. МҰ Вакцинация кабинеттері

Вакциналар өндірісі              Датчиктері бар авторефрижераторлар                               

Өндірушінің жауапкершілігі

Тоңазытқыш/мұздатқыш камералары, автоматты хабардар ету датчиктері бар қойма                Датчиктері бар авторефрижераторлар

                                                                                                                                   БД жауапкершілігі

Аязда шкафтарда, камераларда сақтау      Салқындату элементтері бар термоконтейнерлерде тасымалдау

                                                 ДСБ жауапкершілігі

Мұздатқыш камераларда сақтау                  Пациенттерді қамтамасыз ету

                                               МҰ жауапкершілігі

Өндірушіден медициналық ұйымдарға дейін жеткізудегі барлық жолда вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін «салқындату тізбектің» әр кезеңінде жауапты тұлғалардың болуы көзделген.

 

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
28 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"