Жаңалықтар
21.11.2022

СК-ФАРМАЦИЯДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАҒА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖАҚСАРТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21 қарашада Бірыңғай дистрибьютор алаңында онлайн режимде медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылауға Sapaly med Qyzmet, KARL STORZ Endoscopy Kasachstan, General Electric, Б. Браун Медикал Қазақстан, Ordamed, Medical Marketing Group, ҚазМедИнжиниринг сервистік қызметтер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етудің ғана емес, сонымен қатар оны пайдаланудың барлық кезеңінде оның дұрыс жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар Қазақстандағы медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету нарығының жай-күйі бойынша пікір алмасты және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

Президенттің «СК-Фармация» ЖШС-і базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, жеткізілген техниканың үздіксіз жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етудің маңызы зор.

СК-Фармация бюджеттік шығыстарды қысқартуға және техниканың істен шығуы себебінен оның тоқтап қалу мерзімін барынша қысқартуға, сондай-ақ медициналық жабдықтарды сервистік қолдауды жетілдіруге мүмкіндік беретін шаралар қабылдауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізеді.

Медициналық техниканы сатып алуды жүргізуді ұйымдастыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер аясында сатып алуды орталықтандырудың бірінші кезеңінде медициналық техниканы сатып алу үшін үлгілік нысандарға, атап айтқанда тиісті сертификат бере отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық ғана емес, сонымен қатар техникалық персоналын оқыту туралы тиісті талаптар енгізілді. Бұл өзгеріс жеткізілетін жабдыққа медициналық ұйымдардың мамандары тікелей техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде белгілі бір дәрежеде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандырудың екінші кезеңінде отандық және шетелдік медициналық техниканы өндірушілермен бірлесіп оқшаулау/келісімшарттық өндіріс тетіктерін дамыту, ұзақ мерзімді шарттардың тетіктерін әзірлеу, сатып алу тәжірибесіне өмірлік цикл келісімшарттарының тетіктерін енгізу, «толық аяқталған» басым бағыттары бойынша кешенді жарақтандыру үшін медициналық техниканы сатып алу, сондай-ақ сервистік, оқыту орталықтарын, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдар қоймаларын құру жоспарлануда.

Талқылау барысында медициналық ұйымдарда қызмет көрсететін сервистік компанияларға қойылатын критерийлер мен талаптарды нақты айқындау сияқты міндетті талаптарды бекіту қажеттілігі қаралды. Қатысушылар мәлімделген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сервистік қызметтерде тиісті құзыреттердің болуының маңыздылығын атап өтті, бұл, өз кезегінде, кадрларды тиісті даярлауды, өндірушінің маңызды техникалық және пайдалану құжаттамасының болуын, түпнұсқалы қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын пайдалануды білдіреді.

Сондай-ақ, Сервистік қызметтер қауымдастығының өкілдері тиісті органдардың жергілікті жерлерде бұйрық талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді, тапсырыс берушілердің де, орындаушылардың да қолданыстағы бұйрық нормаларын бұзушыларға міндетті түрде шаралар қабылдауды ұсынды. Бұл рұқсат етілмеген сервистік компанияларды немесе басқа адамдарды медициналық техника қызметіне жіберу көбінесе қолданыстағы нормаларды бұзады, нәтижесінде мемлекеттік мүлікке үлкен материалдық залал, пациенттерге зиян келтіріледі және үлкен сыбайлас жемқорлық қаупі бар.

Кездесу соңында Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін және басқару шешімдерін қабылдауда шешуші рөл атқаратын медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша айтылған нақты ұсыныстары үшін алғысын білдірді. Ол медициналық жабдыққа кешенді сервистік қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын едәуір арттыруға және денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы тиімді пайдалану жолымен оларды көрсетуге шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар, өз кезегінде, қарауға енгізілген толықтырулар сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды барынша ашық жүргізуге мүмкіндік беретініне сенімді. Нәтижесінде сервистік қызметтердің қызметіне деген нақты талаптар пайда болып, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қамтамасыз ету деңгейін арттыратын жеткізушілерге қойылатын ережелер мен талаптар енгізіледі. Айтылған ұсыныстардан басқа, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырудың қолданыстағы ережелерін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, тараптар қолда бар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу үшін ұсыныстарды түпкілікті әзірлеу бойынша аталған талқылауларды өткізу туралы келісті.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще