Жаңалықтар
07.04.2021

ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОРЛАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

Коронавирустық инфекцияның пандемиясы кезінде, халықты вирустан қорғайтын бірінші қорғаныс сызығындағы медицина қызметкерлері біздің заманымыздың батырлары болды.

Осыған байланысты бірінші кезектегі міндеттердің бірі - медицина қызметкерлерінің жауапты және қауіпті жұмысты қауіпсіз және тиімді орындауы үшін оларды қорғау құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Сovid-19 індетімен күресу үшін дайындық пен шаралар қабылдауды қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметі еліміздің барлық өңірлерінде жеке қорғану құралдарының резервін құру мәселесін пысықтады. Бұл шара ең алдымен медициналық мекемелердегі науқастармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. ДДҰ ұсынған жеке қорғаныс құралдарын сатып алу тек COVID-19 пациенттерімен айналысатын медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар басқа медициналық қызметтер мен мекемелердің қызметкерлеріне де COVID-19 таралуын азайту үшін қажет.

Ел Президенті Үкіметке және әкімдіктерге медициналық ұйымдардың, арнаулы мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қорғау органдарының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке қорғану құралдарының азайтылмайтын материалдық резервін құруды тапсырды.

Тапсырманы орындау үшін медициналық қызметкерлерге арналған жеке қорғаныс құралдарын Жергілікті атқарушы органдар Үкімет резервінің қаражатынан дербес сатып алынып, 3 айлық қор құрылды.

Сонымен қатар, өңірлердің әкімдіктері жанындағы тұрақтандыру қорларының қаражатынан жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның ықтимал жаңа толқынына дайындық шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға медициналық ұйымдардың өтінімдері негізінде 152 709 бірлік капюшоны бар бір реттік қорғаныш комбинезонын сатып алды. Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 3 133 бірлік мөлшерінде ауыспалы қалдық қалыптастырылды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай дистрибьютор өңірлерге - 79 939 бірлік жеткізілді, Біріңғай дистрибьютордың қоймалардағы қалдықтарда - 10 973 бірлік бар.

Бұдан басқа, Үкімет гуманитарлық көмек шеңберінде алынған көлемнен бір рет қолданылатын 400 000 қорғаныш костюмі мөлшерінде жеке қорғаныш құралдарының резервін құру мәселесі қарастырылған. Оның ішінде 200 мыңы өңірлер арасында бөлінген, 200 мыңы коронавирустың жаңа толқыны жағдайында пайдалану үшін қосымша резерв ретінде Бірыңғай дистрибьютордың  хабтарында сақталады (Алматы, Нұр-сұлтан, Ақтөбе, Щымкент).

Аталған шаралар еліміздің медицина қызметкерлері үшін жоғары сапалы жеке қорғану құралдарының жеткілікті мөлшерін сатып алудың арқасында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі шараларды күшейтуге ықпал етеді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
28 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"