СҚ-Фармация ашықтық пен анықтық қағидатын ұстана отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және қызметкерлердің құқықтық санасын арттыру бойынша барлық заманауи және қажетті шаралар кешені көзделген.
Бұған дейін компания қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген болатын. 2020 жылдың шілдесінде СҚ-Фармация бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп сыртқы талдау жүргізілді.
Нәтижесінде 77 ұсыныс әзірленіп, СҚ-Фармация тарапынан
толық көлемде орындалған іс-шаралар жоспары әзірленді.
Үкімет деңгейінде тиісті өзгерістер енгізу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар ұсыныстар жіберілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу құралы болып табылады және проблемалық мәселелерді зерделеу мен оларды жақсарту бойынша пәрменді шараларды әзірлеуге бағытталған, сондай-ақ компанияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың қазіргі заманғы тиімді шараларын әзірлеуге жоғары бағыттылығын растайды.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алуға ықпал ете отырып, СҚ-Фармация Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп негізгі бағыттар бойынша жұмыс құрылды.
Ынтымақтастықты жалғастыра отырып, дәрімен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту және медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша заманауи тәсілдерді әзірлеу мақсатында кезекті сыртқы талдау жүргізуге бастамашылық жасалды.
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-і арасында компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін сыртқы талдау –
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің бірлескен іс-шарасы болып табылады,
оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі бойынша жүргізіледі.
Мәселен, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, медициналық мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері зерделенетін болады.
СҚ-Фармация компания жұмысының ашықтығын арттыру үшін қызметті Қайта жүктеу бағдарламасын жүзеге асырды. Қайта жүктеу бағдарламасын іске асыру аясында СҚ-Фармация нормативтік-құқықтық базаны жаңартып, бірқатар бизнес-процестер жетілдірілді.
Медициналық техниканы сатып алу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың жеке бағыты болды. 08.02.2022 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің берген тапсырмасына сәйкес СҚ-Фармация базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуге бағыт берілді. Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру екі кезеңде жүргізіледі.
Бұл салада жоғары сыбайлас жемқорлық болғандықтан,
медициналық техниканы сатып алу жүйесін
түбегейлі қайта қарау қажет – бұл да үлкен мәселе.
Өңірлер жабдықтардың сметалары мен бағаларын жүйелі түрде көтеріп отырады. Оның қызмет көрсетуіне көп ақша жұмсалады. Сондықтан Үкіметке «СҚ-Фармация» ЖШС-і базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырамын.
Қ.К.Токаев
Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыруға көшу үшін транспаренттілікке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сатып алудың жұмыс істеу деңгейін арттыруға бағытталған бизнес процестерді және тұтастай алғанда сатып алу жүйесін жақсарту мен жетілдіру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілді.
2022 жылғы 21 шілдеде СҚ-Фармация бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға көшу бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап орталықтандырылған сатып алу
рәсімдері басталды. Аукцион қорытындысы бойынша жалпы үнемдеу
шамамен 6 млрд теңгені құрады, бұл орташа есеппен 14%-ды құрайды
(жекелеген лоттар бойынша үнемдеу 81%-ға дейін құрады).
Автоматты аукционның ұзақтығы 2,5-нан 14 сағатқа дейін болды.
Сонымен қатар, СҚ-фармацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджменттің ішкі жүйесі енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен іскерлік әдеп кодексі әзірленді, комплаенс-офицер лауазымы енгізілді, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
СҚ-Фармация парақорлыққа қарсы күрес менеджменті
жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартының
талаптарына сәйкестігіне сертификаттаудан өтіп,
ҚР ДСМ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының арасында
осы сертификатты алған алғашқы ұйым болды.
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ел саясатын бекіту туралы Президенттің Жарлығын іске асыру мақсатында СҚ-Фармация ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін сертификаттаудан өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесі барлық дамыған елдерде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетігін білдіреді. Қазақстанда бұл жаңалық болып табылады.
СҚ-Фармация парасаттылық қағидатын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауға және нормативтік құқықтық, этикалық және кәсіптік нормаларға сәйкестікке бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи шараларын енгізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылда белсенді қызығушылық танытады.
СҚ-Фармация сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған барлық қатысушы және мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен жоспарлы жұмыс жүргізу бойынша ынтымақтастық пен ұсыныстарға ашық.
Жұртшылықпен өзара іс-әрекетті жақсарту мақсатында кері байланыс арналары құрылды. Бұл – 1439 нөмірі бойынша «Сенім телефоны», сондай-ақ ресми интернет-ресурсында «Құқық бұзушылық туралы хабарлау» бөлімі және құпия ақпараттандыру арнасы – senim@sk-pharmacy.kz электрондық поштасы.
СҚ-Фармация қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы толығырақ:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ «СҚ-ФАРМАЦИЯНЫҢ» «ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫН» СҮЙЕМЕЛДЕЙДІ
СҚ-ФАРМАЦИЯ ISO СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
АНТИКОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
СҚ-ФАРМАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ
СҚ-ФАРМАЦИЯ АЛАҢЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢА ЕНГІЗІЛІМДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ