Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
29.11.2023

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор алаңында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері мен компания қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру» семинары өтті.

           Іс-шараның спикерлері заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есберген Алауханов, зейнеткер ІІМ генерал-майоры Сағатбек Нұрахметов болды. Модератор – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық-ағарту пулының спикері Жомарт Әбішев.

           Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оған қарсы күрес мәселелері талқыланды.

           Бірыңғай дистрибьютор ашықтық пен айқындық қағидатын ұстана отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылғанын айта кету керек. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және қызметкерлердің құқықтық санасын арттыру бойынша барлық заманауи және қажетті шаралар кешені көзделген.

Компания жұмысының ашықтығын арттыру үшін қызметті Қайта жүктеу бағдарламасы жүзеге асырылды. Қайта жүктеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде СҚ-Фармациямен нормативтік-құқықтық база жаңартылды және бірқатар бизнес-үдерістер жетілдірілді.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджменттің ішкі жүйесі енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен іскерлік әдеп кодексі әзірленді, комплаенс-офицер лауазымы енгізілді, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Бірыңғай дистрибьютор парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін сертификаттаудан өтті, бұл сертификатты ҚР ДСМ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында алған алғашқы ұйым болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесі барлық дамыған елдерде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетігін білдіреді.

Кездесу соңында қатысушылар семинар өткізгені және парасаттылық қағидатын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауға және қоғамдағы нормативтік құқықтық, этикалық және кәсіптік нормаларға сәйкестікке бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи шараларын енгізудің маңыздылығы үшін алғыс білдірді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
Посмотреть еще