2 ақпанда «СҚ-Фармация» ЖШС бастамасымен мемлекет жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдау мақсатында компания ұжымы үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жазира Жылқышиевамен кездесу өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы енгізілімдер, әрбір баптың диспозициясы, анықтау тәртібі мен жазалау шаралары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша нақты тәжірибеден мысалдар келтірді.
Жыл басында Мемлекет Басшысы ҚР Еңбек Кодексіне де өзгерістер енгізетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Түзетулердің мақсаты – озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу арқылы заңнаманы жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Өзгерістердің негізгі аспектілерінің бірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіру жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің функцияларын, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратпен алмасу, әдіснамалық қолдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгі ережені әзірлеу бөлігінде бекіту болып табылады.
Бірыңғай дистрибьютордың штаттық құрылымында Бақылау кеңесінің тікелей бағынысындағы комплаенс-офицердің жаңа лауазымы енгізілгенін атап өтеміз.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа енгізілімдер лауазымды адамдардың заңсыз байытылуын бақылау және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдардың тиісті түрде қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейді.
СҚ-Фармация ұжымы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінен заңдағы әрбір жаңа енгізілімді толығырақ тыңдап, өз кезегінде ашықтық пен айқындық қағидатын ұстанып, қызметкерлерді заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар ете отырып, компания қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін енгізуге дайын екендігін білдірді.
Агенттік өкілі қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, кездесуді қорытындылай келе,
«СҚ-Фармация» ЖШС-нде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша барлық заманауи және қажетті шаралар кешені көзделген. Компания сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және құқықтық сананы жоғарылату бойынша пәрменді шаралар қабылдауда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
«СҚ-Фармация» ЖШС-нің аталған шараларды сақтауы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді, сондай-ақ оның профилактикасы бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.