Жаңалықтар
11.10.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ: ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ IT ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Бірыңғай дистрибьютордың логистика басқармасының қызметкерлері «Көлік және логистика» атты 27-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.

Бұл көрме – жыл сайын Көлік және қойма логистикасы үшін барлық шешімдерді көрсететін Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі.

Іс-шара аясында СҚ-Фармация қызметі аясындағы «Көліктегі және логистикадағы IT шешімдер», «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы» сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Осылайша, Бірыңғай дистрибьютордың логистика басқармасының қызметкерлері бірқатар логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізді. «К7 LOGISTICS» ЖШС-ы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді, Manata LOGISTICS Алматы хабымен тікелей жұмыс жасай отырып, Алматы облысында қызмет көрсетуге ниетті.

Сондай-ақ, Caspian Express Астана және Алматы қалаларындағы серіктестікті көздесе, Elite Logistic компанияның логистерін өз ерекшелігіндегі жаңа процестерге үйретіп, осы бағытты жақсарта алады.

Көрменің жалғасы СҚ-Фармация өкілдерінің «К7 Logistics»-пен кездесуі болды. Талқылау барысында тараптар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың логистикасының ерекшеліктерін, процестің барлық кезеңдерінің тасымалдануы мен ашықтығын қозғады.

Айта кету керек, осындай іс-шараларға қатысудың арқасында компания әлеуетті қызмет жеткізушілерді іздеуде жаңа мүмкіндіктер ашады, IT-шешімдердегі әлемдік үрдістер туралы біледі, сондай-ақ логистикада озық тәжірибе алады.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще