Жаңалықтар
22.09.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ МЕН KHIDI МЕДИЦИНАЛЫҚ-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ БАСТАДЫ

Бірыңғай дистрибьютор Оңтүстік Кореяның Денсаулық Сақтау Индустриясын Дамыту Институты – Korean Health Industry Development Institute (KHIDI) өкілдерімен кездесу өткізді, онда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы медициналықфармацевтикалық кластерлерді құру және әзірлеу шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесуге KHIDI жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры – Бэ Джа Соп, KHIDI Өкілдігінің директоры – Чой Чжун Хи, шет аймақтардың жобалар бөлімінің зерттеушісі – Пак Хенджу, шет аймақтардың жобалар бөлімінің зерттеушісі – Ли Сыл Ки қатысты.

KHIDI ғалымдары мен менеджерлерінің командасы Қазақстан үшін кластерлік инфрақұрылым моделін құру бойынша жұмыс жасады. Бүгінгі күні кластерлік бастаманы дамыту шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың KHIDI-мен екіжақты ынтымақтастығы белсенді дамып келетіндігін атап өтеміз. Екі елдің мамандары тәжірибе алмасып, ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Өз кезегінде, Бэ Джа Соп презентациямен сөйлеген сөзінде Қазақстанда биокластерді енгізу моделін зерттеу нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, медициналық фармацевтикалық кластерлерді дамыту үшін R&D орталықтарының типі бойынша отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету үлкен ынталандыру болады.

Бұл маңызды стратегиялық бағыт бірнеше әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге әсер етеді. Бұл жаңа жұмыс орындары, ғылыми базаның деңгейін арттыру, GMP стандарттарына көшу, инновациялық препараттар жасау, отандық фармацевтикалық саланы танымал ету және де кластер құрылатын өңірдің экономикалық дамуы.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінде кластерлер құру төңірегінде қазақстандық компаниялардың күш-жігерін біріктіру және оларды дамытуға мемлекет тарапынан да, жеке капитал тарапынан да инвестициялау импортты алмастыратын өнім өндірісінің өсуін және Қазақстан аумағында фармацевтикалық зауыттар салуға шетелдік компанияларды тартуды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, кездесу барысында тараптар биокластерлер бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум жасасуды дайындауды талқылады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан Корея ынтымақтастығын, оның ішінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптегі ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы туралы өзара пікір білдірді.

Анықтама:

Korea Health Industry Development Institute (KHIDI)  Кореяның Денсаулық Сақтау Индустриясын Дамыту Институты – бұл Корея Республикасының Денсаулық сақтау және Әлеуметтік Қамсыздандыру Министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме. KHIDI институты 1999 жылы Корей медициналық саласының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіби және жүйелі қолдауды қамтамасыз ету үшін құрылды. KHIDI Корей денсаулық сақтау саласын жаһандық ілгерілету бойынша жұмыс істейтін кәсіби институты болып табылады.

Медициналық-фармацевтикалық кластер бұл бір-бірін толықтыратын және жекелеген компаниялар мен тұтастай кластердің бәсекелік артықшылықтарын күшейтетін ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқа да ұйымдар сияқты дәрілік заттарды әзірлеуші-географиялық тұрғыдан оқшауланған өзара байланысты инновациялық фирмалар, өндірістік компаниялар, жабдықтарды, жиынтықтауыштарды, мамандандырылған қызметтерді берушілер, инфрақұрылым объектілерінің тобы.  

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
28 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
15 марта 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"