Жаңалықтар
15.09.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ МЕН PHILIPS ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКА ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2022 жылғы 15 қыркүйекте «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор базасында Philips медициналық техниканы әлемдік жетекші өндіруші өкілдерімен кездесу өткізіліп,Қазақстанда медициналық техника өндірісін оқшаулау саласындағы ынтымақтастық жоспарларыталқыланды.

Кездесуге Philips компаниясы тарапынан Орталық Азия мен Кавказда және Моңғолияда денсаулық сақтау бизнесін дамыту жөніндегі директор – Артем Падейский, Қазақстан Республикасындағы Philips өкілдігінің басшысы – Александр Мадрахимов, Ресей және Орталық Азиядағы Philips негізгі клиенттерімен жұмыс жөніндегі менеджер – Жанэтдин Шутанов, сондай-ақ «Kazakh Invest» АҚ өкілдері Нидерландыдағы ҚРЕ экономикалық мәселелері бойынша – шетелдік өкілі Сарыбаева Улбосын және жоба жетекшісі Жумабаев Алмат қатысты.

Талқылау нысанасы ұзақ мерзімді шарттардың, «өмірлік цикл» келісімшарттарының тетіктерін пайдалана отырып, Қазақстанда медициналық техниканы оқшаулау, келісімшарттық өндіру мәселелері болды. Сондай-ақ, тараптар медициналық техникамен жабдықтау, жарақтандыруды жоспарлау, қаржыландыру, медициналық техниканы пайдалану тиімділігі, өмірлік цикл келісімшарттары шеңберінде сатып алу бойынша нормативтік база, сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдіру мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды. Тапсырманы орындау үшін медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан әрі қаржыландыру көздерін айқындай отырып, таяудағы бес жылға арналған медициналық техникамен жарақтандырудың республикалық бағдарламасы бекітілетін болады. Сондай-ақ, Президент дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жаһандық өндірушілерімен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Осы тапсырмаларды орындау үшін «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор әлемдік медициналық техника өндірушілерімен орталықтандыру тетіктерін, оның ішінде өндірісті оқшаулау шарттарында әзірлеу бойынша жұмысты бастады.

Өндірісті оқшауландырудың рөлі туралы айта отырып, интеграцияның жаңа кезеңіне шығу индустрияның жаңа моделіне көшуге айналатынын атап өткен жөн. Өндірістің оқшаулау деңгейін жоғарылату бойынша міндеттер бұл тұрғыда негізгі рөлдердің бірін атқарады.

Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарттардың, келісімшарттардың офтейк-шарттарының, лизингтік тетіктердің, «өмірлік цикл» келісімшарттарының тетіктерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында медициналық техника өндірісін оқшаулау мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауды жүргізуде. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі туралы өзара пікір білдірді. Тараптар бүгінгі диалог міндетті түрде жалғасатынына және оң нәтижелер әкелетініне сенім білдірді.

Анықтама:

Koninklijke Philips

N.V. («Филипс»ағылш. RoyalPhilips) — Нидерланд трансұлттық компаниясы. Компания 1891 жылы құрылды және өз тарихында қызметтің басым бағытын бірнеше рет өзгертті: бастапқыда электр шамдарын шығарды, содан кейін тұрмыстық электроникаға ауысты, 2000 жылдардан кейін медициналық диагностикалық жабдықта мамандандырыла бастады. Компания табысының үштен бір бөлігін АҚШ-тағы қызметі береді. Royal Philips – медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы. Соңғы он жыл ішінде Philips трансформациядан өтіп, тек денсаулық сақтау мәселелерінің шешімдеріне бағытталған компания болды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще