Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
16.08.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ МЕН ҚАЗПОШТА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҮЗДІКСІЗ ЖЕТКІЗУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРМЕК

СҚ-Фармацияда «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен екі ұйым арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және ресурстарды тиімді пайдалану үшін Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды медициналық ұйымдарға жеткізу үшін «Қазпошта» ұлттық пошта байланыс операторының қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қарастыратыны атап өтілді.

Дәрі-дәрмектердің ерекшелігін ескере отырып, оларды тасымалдау кезінде қызметтердің сапасына ерекше назар аудару қажет екендігі атап өтілді.

Өндірушінің талаптарына сәйкес жеткізудің температуралық режимі қатаң сақталуы тиіс.

Сатып алу мен жеткізуден бастап жүзеге асыруға дейінгі бүкіл тізбекті басқару бойынша күш-жігерді біріктіру бастан-аяқ есепке алуды, үнемді өндіріс есебінен шығындарды қысқартуды, дәрілік заттардың пациентке дейінгі қозғалысын қадағалауды, «суық тізбектің» барлық деңгейлерінде тасымалдау және сақтау жағдайларын қамтамасыз ету есебінен дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша СҚ-Фармация мен «Қазпошта» АҚ арасында дәрі-дәрмектерді тасымалдау бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін одан әрі өзара іс-әрекеттесу бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Бірыңғай дистрибьютор құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін дәрі-дәрмектерді тарату қызметті аутсорсингке беру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбеде 4 тарату орталығы (хабтары) бар. Хабтар тауарды жеткізушілерден қабылдауды, оны сақтауды және бөлуді жүзеге асырады, ал операциялық қоймалар тауарды хабтардан қабылдап, оларды тұтынушыларға жеткізеді.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще