Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
19.02.2025

СҚ-ФАРМАЦИЯ: ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРҒА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР 100% САТЫП АЛЫНДЫ

Амбулаториялық және стационарлық дәрілік қамтамасыз ету аясында Бірыңғай дистрибьютор жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастар үшін (әртүрлі дәрілік формалар мен дозаларды ескере отырып) 104 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алады.

2025 жылға республиканың медициналық ұйымдарының өтінімдеріне сәйкес Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды толық көлемде жүзеге асырды. Бұл дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің өндірушілері – Франция, Эстония, Венгрия, Польша, Латвия Словения, Чехия, Египет, Кипр, Ресей, Беларусь, Украина, Үндістан және отандық өндірушілер болып табылады.

Жүрек-қан тамырлары сырқаттарына аритмия, артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, жүйелік склероз (жүйелік склеродерма), атеросклероз, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, алғашқы өкпе гипертензиясы, простата гиперплазиясы жатады.

Осылайша, қаңтар және ақпан айларында Қазақстанның медициналық ұйымдары амбулаториялық қамтамасыз ету шеңберінде 143 307 512 бірлік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға және жеткізуге өтінімдер берді. Бірыңғай дистрибьютор тарапынан осы өтінімдер бойынша медициналық мекемелердің атына 139 203 472 бірлік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жөнелтілді. Бұл сатып алынған және жеткізілген дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінің 97%-ын құрайды, қалған бөлігі жеткізу процесінде.

Сондай-ақ 3 473 687 бірлік дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға және жеткізуге өтінімдер стационарлық қамтамасыз ету аясында берілді. Бүгінгі күні олар бойынша 2 540 251 бірлігі жөнелтілді, бұл 73%-ды құрайды. Қалған бөлігі медициналық мекемелерге жеткізу процесінде, жақын арада толық көлемде жеткізіледі.

Айта кету керек, біз дәрі-дәрмектерді екі деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін сатып аламыз және жеткіземіз: стационарлық – ауруханаларда дәрі-дәрмекпен емдеу; амбулаториялық – емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді алу. Сатып алу стационарлық көмек шеңберінде медициналық ұйымдардың және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өтінімдері негізінде қатаң түрде жүргізіледі. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектер қажеттілігін өздері анықтайды: өтінімдерінде дәрінің атаулары, дозалары, шығару формалары, жеткізу көлемі мен кестесін өздері пысықтап көрсетеді. 

Жеке дәріханалардағы іркілістер мен тапшылықтар СҚ-Фармация қызметіне кірмейді. Біз күш-жігерімізді ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін дәрілік қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге жұмылдырамыз. Бөлшек сауда сегментіне қатысты барлық сұрақтар дәріхана иелері мен олардың жеткізушілеріне жолданылуы тиіс.

СҚ-Фармация науқастарды жүрек-қантамыр жүйесін емдеуге арналған сапалы және тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
30 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
28 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"