Жаңалықтар
08.10.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ ITECA СИНЕРГИЯСЫ: ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық Iteca көрме компаниясымен кездесті.

«СҚ-Фармация» ЖШС-і тарапынан кездесуге Басқарма төрағасы Еркен Жақатай, Басқарушы директор Руслан Нұрмұханов, сондай-ақ басқарма басшылары қатысты. Iteca атынан компания директоры Борис Даниленко және көрме жобаларының директоры Гүлзана Абдушарипова қатысты.

Тараптар ынтымақтастық перспективаларын, атап айтқанда – фармацевтикалық кластер құру мәселесін талқылады. Фармацевтикалық кластер – бұл әзірлеуші компаниялардың, өндірушілердің, жабдықтарды жеткізушілердің, ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындарының, технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың және басқа да салаларда жұмыс істейтін және бүкіл кластердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға қабілетті ұйымдардың бірлестігі.

Бірыңғай дистрибьютордың төрағасы қызығушылық білдіріп, осы бағытта одан әрі жұмыс істеу үшін өзінің көзқарасын ұсынды.

Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру бойынша бірнеше кездесу өткізу жөнінде уағдаластыққа келді. Iteca пікірінше, кластерді құру – ішкі фармацевтикалық нарықтың жай-күйін жақсартып қана қоймай, оның халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл фармацевтика саласына ішкі және шетелдік инвестицияларды тартады, бұл өз кезегінде жергілікті өндірісті дамытуға ықпал етеді және өңірдегі жұмыспен қамту деңгейін арттырады.

 

 

 

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще