Бүгін «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатай ресейлік «Русвата» компаниясының өкілдерімен және олардың Қазақстандық серіктесі «International Disinfection Company» ЖШС-мен кездесті.
Ресей делегациясының құрамына госпитальдық медициналық қызметтің жетекшісі Галина Анисимова және сату бөлімінің басшысы Ольга Лигачева кірді.
«Русвата» – Рязань қаласының толық өңдеу циклы бар тоқыма емес материалдарды шығаруға маманданған өндірістік компания. Компания мақтаны медицина, денсаулық сақтау, жеке және үйде күтім жасау қажеттіліктері үшін қайта өңдейді, таңғыштар, медициналық мақта, дымқыл майлықтар және басқа да өнімдерді Ресейдің мемлекеттік медициналық мекемелеріне жеткізеді.
«Русвата» өкілдері олардың технологиялық қуаттылығы 100% мақтадан, сондай-ақ әртүрлі пропорцияда вискоза және полиэфир талшықтарын қосу арқылы материалдар шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Хирургиялық және процедуралық манипуляцияларға арналған медициналық дәкеге ерекше назар аударылды, ол заманауи технологияның арқасында ылғалды тез сіңіреді және сақтайды, сонымен қатар дәстүрлі тоқылған дәкемен салыстырғанда үнемді болып шығады.
Кездесу барысында ресейлік тарап «International Disinfection Company» компаниясымен бірлесіп қазақстандық ауруханаларға өз өнімдерін жеткізуге қызығушылық танытты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Еркен Жақатай әріптестеріне ынтымақтастыққа деген қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, «СҚ-Фармация» ықтимал бірлескен жобаларды одан әрі талқылауға дайын екенін атап өтті.