Байланыс орталығы 1439
  • СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ YDA GROUP: ЕЛДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҚАУЫМДАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ
Жаңалықтар
09.01.2025

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ YDA GROUP: ЕЛДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҚАУЫМДАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

YDA Industrial Park түрік құрылыс компаниясы СҚ-Фармациямен өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор өкілдерінің YDA индустриялық паркі – заманауи көпсалалы өндірістік кешен басшылығымен кездесуі өтті. Кешен медициналық және кеңсе жиһаздарын, медициналық жабдықтарды, модульдік құрылыстарды, металл конструкцияларды, терезелер мен витраждарды өндіруге мамандандырылған бес зауытты қамтиды.

Кездесуде түрік тарапы Қазақстан ауруханаларына арналған медициналық жиһаз өндірісіне ерекше назар аудара отырып, өз қызметін таныстырды. YDA Industrial Park өкілдері отандық өндіруші ретінде әрекет ете отырып, олар импортты қысқартуға, сондай-ақ Қазақстанның жергілікті өндірістік базасын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

СҚ-Фармация өз кезегінде медициналық техника мен жабдықтарды сатып алу процесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, осы саладағы жұмыс тәжірибесін ұсынды. Өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау жергілікті өндірісті нығайту және елдегі фармацевтикалық-медициналық инфрақұрылымды дамыту үшін перспективалар ашады.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
30 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"