Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
01.11.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЮНИСЕФ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДІҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ

Бірыңғай дистрибьютор алаңында басқарма төрағасы Еркен Жақатай ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвармен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – компанияның қызметімен, оның көзқарасымен танысу, сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдету және дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алу мәселелерін талқылау.

Басқарма төрағасы қонақтарды қарсы алып, ЮНИСЕФ-тің елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі, оның ішінде вакциналар мен дәрі-дәрмектерді сатып алудағы рөлін атап өтті.

«ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық Бірыңғай дистрибьютор үшін стратегиялық түрде өте маңызды. Біздің сіздермен бірдей МИССИЯМЫЗ бар – халықты қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және олардың денсаулығын сақтау, әсіресе жас ұрпақтың», - деп атап өтті Е.Жақатай.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігіне, баға санатына, медициналық препараттардың сапасына, сатып алу ережелері мен рәсімдеріне байланысты ішкі тармақтарды талқылау барысында ЮНИСЕФ өкілі шешілуі тиіс өзекті тақырыптарды көтеріп, кездескені үшін алғысын білдірді.

«Қазақстан ерекше мәртебеге ие, сондықтан мен үшін осында болу және Сіздің еліңізбен жұмыс істеу – абырой. Біз қазір вакциналарды, дәрі-дәрмектерді ғана емес, сонымен қатар медициналық бұйымдарды, қажетті заттарды ұсынамыз, тіпті қоймаларды қажетті техникамен жабдықтай аламыз. Біздің басты міндетіміз – балаларға тең мүмкіндіктер беру. Ол үшін біз сіз сияқты ұйымдармен тығыз серіктестік орнатуымыз керек. Өз тарапымыздан біз сізге құзыретті мәселелерде көмектесуге әрқашан дайынбыз», - деді Рашед Мұстафа Сарвар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықтың қажеттіліктерін егжей-тегжейлі талдауға және Қазақстанға өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу мәселелерін пысықтауға келісті.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы СҚ-Фармация алғаш рет ЮНИСЕФ-пен АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастардың 85-90% тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Посмотреть еще