Жаңалықтар
02.12.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ “SINOPHARM INTERNATIONAL TECHNOLOGY LIMITED COMPANY” СИНЕРГИЯСЫ

Бүгін СҚ-Фармацияда Қытай мен Азиядағы ең ірі фармкомпаниялардың бірі «Sinopharm International Technology Limited Company» компаниясымен кездесу өтті.

Кездесуге Қытайлық компания атынан маркетинг жөніндегі директор Лий Цинао, бизнес-менеджер Хэ Цзыюй, сондай-ақ «Алтынфарм» ЖШС Бас директоры Шыңғыс Сапарбеков қатысты.

Күн тәртібі – ынтымақтастық мүмкіндіктері мен іскерлік перспективаларды талқылау, вакциналарды, биопрепараттарды, химиялық препараттар мен медициналық жабдықтарды қоса алғанда, қазақстандық нарыққа сапалы өнімді шығару.

Кездесу барысында Ли Цихнао компанияның жұмысы мен жетістіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, өз көзқарасымен және одан әрі ынтымақтастық құру жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, Sinopharm Group Қытай және халықаралық компаниялардың фармацевтикалық, медициналық өнімдерін дистрибуциялауға және логистикасына, дәріханалар желісі арқылы дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сатуға, медициналық жабдықтарды дистрибуциялауға және лизингке, фармацевтикалық өнімдерді, химиялық реагенттер мен зертханалық материалдарды өндіруге маманданған.

СҚ-Фармация басшысы Еркен Жақатай қонақтардың сапармен келіп, жан-жақты қарым-қатынастарды қарастырғаны үшін алғысын білдірді. Өз сөзінде ол отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуға ерекше назар аударды.

«Біздің компания үшін осындай ірі халықаралық корпорациямен серіктестік – жаңа, неғұрлым ауқымды деңгейге шығу болып табылады. Бұл сонымен қатар халықтың сапалы медициналық өнімдерге қол жетімділігін жақсартады, бұл – Бірыңғай дистрибьютордың басымдығы. Ұйымдарымыздың кооперациясы үлкен нәтиже береді», - деп атап өтті Е.Жақатай.

Өз кезегінде қытайлық тарап пен олардың Қазақстандағы өкілі Шыңғыс Сапарбеков бұл мәселеге ерекше қызығушылық танытты. Біздің мемлекетіміздің аумағында Қытай конгломераты өндірісін жергіліктендіру Қазақстан үшін де, Қытай үшін де фармацевтика саласын дамытуда жаңа шыңдар ашады.

Осылайша, кездесу соңында тараптар тығыз ынтымақтастық мәселесін егжей-тегжейлі пысықтау, нарық пен оның қажеттіліктерін зерделеу жөнінде уағдаластыққа келді.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще