Бұл мереке мемлекетіміздің экономикалық тәуелсіздігі мен күшін ғана емес, барлық азаматтарды біріктіріп, әрбір отбасы, әрбір компания және тұтастай ел үшін тұрақтылық пен дамудың маңыздылығын еске салады.
«СҚ-Фармация» Қазақстандағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай дистрибьютор ретінде фармацевтика саласының дамуына және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің экономикасына маңызды ықпал етеді. Негізгі міндет – халықты сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету, бұл ұлт денсаулығын нығайтуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал етеді. Біздің қызметіміз отандық фармацевтикалық кәсіпорындарды тікелей қолдайды.
Осы мереке күні біз теңгенің одан әрі нығаюына және Қазақстанның әл-ауқатына сенім білдіреміз. Біз денсаулық сақтау қажеттіліктеріне одан да тиімді жауап беру және Отанымыздың экономикасының тұрақтылығын сақтау үшін сатып алу және дистрибуция процестерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Қазақстанның барлық тұрғындарына тұрақтылық пен өркендеу, ал елімізге одан әрі экономикалық өсу мен амандық тілейміз!