27 маусымда «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңалықтарды түсіндіру бойынша онлайн кездесу өтті.
Жыл басында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, ол ҚР Еңбек кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізеді.
Түзетулердің басты мақсаты – озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу арқылы заңнаманы жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Серіктестіктің Комплаенс-офицері компания ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа өзгерістер, әрбір баптың диспозициясы, анықтау тәртібі мен жазалау шаралары туралы толығырақ хабардар етті, сондай-ақ жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша нақты практикадан мысалдар келтірді.
Өзгерістердің маңызды аспектілерінің бірі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды кепілдендірілген қорғау болды, бұл сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимылдың негізі болып табылады.
Енді сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарланған кезден бастап үш жыл ішінде еңбек қатынастары саласындағы заңды мүдделерді қорғау және ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш беруші туралы ақпаратты жария ету 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бірыңғай дистрибьютор ұжымы өз кезегінде қызықтырған сұрақтарын қойып, компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерінің жұмысқа қабілеттілігін атап өтті.
Бірыңғай дистрибьютор айқындық пен ашықтық қағидатын ұстана отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша барлық заманауи және қажетті шаралар кешені көзделген. Компания сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және құқықтық сананы жоғарылату бойынша пәрменді шаралар қабылдауда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.