Жаңалықтар
23.09.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯДА ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІН ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23 қыркүйекте қазақстандық отандық тауар өндірушілермен және салалық қауымдастықтармен отандық өндірісті қолдау және еліміздің фармацевтикалық саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Отандық фармацевтика өндірісін дамыту – Мемлекет Басшысының сала алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Сондықтан «СҚ-Фармация» ЖШС-нің жұмысында саланы дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға, бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы отандық өндірісті қолдау тетіктерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары жөніндегі мемлекеттік саясат қаралды.

Қазақстанда ТМД-ның кез келген басқа елдерімен салыстырғанда отандық фармацевтикалық өндірушілер үшін теңдессіз жеңілдіктер жасалған. Бизнес үшін жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында фармацевтика саласы Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналды. Өндірілетін фармацевтикалық өнімді өткізудің кепілдендірілген ұзақ мерзімді нарығы қолайлы инвестициялық орта жасайды, бұл елге ірі халықаралық инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді.

Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы мәселе назардан тыс қалған жоқ. ҚР Үкіметінің медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі отырысында Қазақстан өз азаматтарын өз өндірісінің сапалы дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етуі тиіс екендігі атап өтілді. Осылайша, отандық өндірушілер озық технологиялар трансферін қамтамасыз ету, бірегей, инновациялық препараттар өндірісін оқшаулау бөлігінде шығарылатын өнімнің құрамына бағдарлануы қажет.

Бүгінгі күні «СТ-KZ» сертификаты тауардың Қазақстанда өндірілгенін растайды және ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге арналған 10 жылдық оффтейк келісімшарт түрінде мемлекет тарапынан преференциялар ұсынады. Кеңеске қатысушылар ішкі айналысқа арналған «СТ-KZ» тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіру бойынша өзекті мәселелерді ұсынды.

«Дегенмен, кейде баға белгілеу кезінде, отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу кезінде және өнімді тіркеу кезінде объективті емес шағымдар туындайды. Сондықтан барлық проблемалық мәселелерді ашық талқылау үшін осы алаңды құру шешімі қабылданды», - деді өз сөзінде «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев.

Отандық өндірушілер кездестіретін проблемалық мәселелерді салалық қауымдастықтардың өкілдері айтты. Кеңес барысында шығарылатын дәрілерді мемлекеттік сатып алу тізіміне енгізу, дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді біріздендіру кезінде туындаған жаңа талаптар және сала үшін басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Бірыңғай дистрибьютордың басшысы отандық өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүдделерін сақтай отырып, дәлелді медицина, дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі қағидаттарын басшылыққа алуға шақырды.

Сондай-ақ, қатысушылар фармацевтика өнеркәсібін дамыту шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру және Global Pharm II Халықаралық фармацевтика форумының жұмысына қатысу мақсатында басқарушылық тәсілдерді талқылады.

Сондай-ақ, кеңесте тұтынушылық патриотизмді дамыту туралы айтылды. Қазақстандық фармөндірушілерді насихаттау мақсатында, сондай-ақ көрермендер аудиториясының медициналық және әсіресе фармацевтикалық тақырыптарға қызығушылығының артуын ескере отырып, «MADE IN PHARMAKZ» акциясын іске қосу жоспарлануда.

«MADE IN PHARMAKZ» акциясы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтикалық және медициналық қызметті қолдау, дамыту қауымдастықтары арасында ақпараттық-түсіндіру жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда. Сондай-ақ, мақсатты аудиторияны зерделеу және отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарына қатысты оң қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы халықтың сенімін арттыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу мәселесі қарастырылуда.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды іске асырудан айқын нәтиже: қолданыстағы отандық әзірлемелер және фармөндірістер туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру, отандық брендтерге бейілді аудиторияның өсуі, оның ішінде 2025 жылға қарай Қазақстан нарығында ОТӨ үлесінің 50%-ы көрсеткішіне қол жеткізуге оң әсер етеді.

Өзміздің мықты фармацевтикалық және медициналық индустриямызды қалыптастыру жеткілікті, ұзақ уақытты қажет ететін және қымбат процесс. GMP халықаралық стандарттарына сәйкес заманауи технологиялар базасында фармацевтикалық және медициналық өнімдердің импортын алмастыру үшін жағдай жасау ҚР фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще