Байланыс орталығы 1439
  • ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРҒА ШЕКТІ БАҒАЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
Жаңалықтар
14.02.2025

ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРҒА ШЕКТІ БАҒАЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын жариялады.

Жаңа редакцияда «Оба, тірі құрғақ вакцинасы» дәрілік затына, сондай-ақ бірқатар медициналық бұйымдарға шекті бағаларды өзгерту көзделген.

Жобамен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15441102

Бұйрықтың жобасында құжат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының 2024 жылғы 7 қарашадағы хаттамасы және кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде әзірленгені хабарланады.

Бұйрық жобасы медициналық бұйымдарды сатып алу тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, бұл бірыңғай дистрибьютор жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қажетті медициналық бұйымдарды жеткізудің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жобаны көпшілік алдында талқылау 2025 жылдың 17 ақпанына дейін жалғасады.

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
30 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"