Жаңалықтар
09.12.2024

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ: «СҚ-ФАРМАЦИЯ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ

Бүгін, 9 желтоқсанда, бүкіл әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және ашықтық пен есеп беру қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өту үшін белгіледі.

Сыбайлас жемқорлық: қоғам мен мемлекет үшін сын-қатер.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді, экономикалық дамуды баяулатады және әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді. Мемлекет басшысы бұл құбылысқа қарсы ымырасыз күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін бірнеше рет атап өтті.

Өз кезегінде, Бірыңғай дистрибьютор ашықтық, заңдылық қағидаттарын ұстанады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке көп көңіл бөледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде «СҚ-Фармация» бірқатар кешенді шараларды іске асырады.

Ұйым құрылымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға жауапты комплаенс-офицер бар.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі, бұл проблемалық аймақтарды анықтауға және тиімді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық құжаттарды да әзірледі.

2022 жылы ISO 37001:2016 халықаралық стандарты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі енгізілді.

«СҚ-Фармация» Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегі ISO 37001:2016 сертификатын алған алғашқы ұйым болды. Бұл компанияның транспаренттілігінің жоғары деңгейін және оның халықаралық стандарттарға адалдығын растайды.

Менеджмент жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, халық, мемлекеттік органдар мен серіктестер тарапынан сенімді нығайтуға, сондай-ақ компания жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«СҚ-Фармация» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы белсенді жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ ашық және жауапты қоғамды қалыптастыруға үлес қосуға ұмтылады.

Бірыңғай дистрибьютор қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, құқыққа қайшы және заңсыз әрекеттер фактілері туралы 1439-сенім телефоны арқылы хабарлауға болады.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще