Жаңалықтар
26.11.2024

ЖЕТЕКШІ ҚЫТАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ СҚ-ФАРМАЦИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА МҮДДЕЛІ

Бірыңғай дистрибьютордың Шэньчжэнь электронды өнеркәсіп қауымдастығының, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» өкілдерімен кездесуі өтті.

Шэньчжэнь электронды өнеркәсіп қауымдастығының бұл сапарының мақсаты – Қазақстанда іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық нарық пен фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелерін, сондай-ақ еліміздің аумағында зауыт салу перспективаларын талқылау болды.

«СҚ-Фармация» басшысы Еркен Жақатай сөз сөйлеп, Бірыңғай дистрибьютордың ұзақ мерзімді шарттар сияқты жобаларымен бөлісті. Басқарма Төрағасы қазақстандық нарықтағы жұмыстың негізгі аспектілерін, мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеттесуді және медициналық бұйымдардың стандарттары мен тізбесі бойынша талаптарды түсіндірді.

Қытай делегациясы өз кезегінде кездесу ұйымдастырып, бастамаларды талқылау мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді. Шэньчжэнь электронды өнеркәсіп қауымдастығының өкілі Лю Фей өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік пен Қазақстанның мұқтаждықтары үшін жоғары сапалы медициналық бұйымдарды өндіруге дайындығын атап өтті.

Айта кетейік, Шэньчжэнь электроника өнеркәсібі қауымдастығы – Қытайдағы электроника өнеркәсібін қолдау және дамытумен айналысатын жетекші ұйымдардың бірі. Ол электроника өндірісі мен экспорты саласында 2 000-нан астам кәсіпорынды біріктіреді.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"