Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
26.10.2023

«GLOBAL PHARM» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Астанада  «Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумы басталды. Бұл іс-шара фармацевтика индустриясындағы ауқымды әрі осы саладағы дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды.

           Ұйымдастырушылар – e-forum.net қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаттары – Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті дамытуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы және заманауи медициналық техникамен қамтамасыз етуге және отандық өндірісті дамыту саласында сындарлы өзара іс-әрекетті жолға қоюға ықпал ету.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник құттықтау сөз сөйлеп, халықты сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікпен қамтамасыз етудің және мүдделі тараптармен саланың ағымдағы сын-қатерлерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті.  

Бұған дейін Мемлекет басшысы жаһандық фармкорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруды, инвесторларды тартуды, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. «Отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылы 50%-ға жеткізу қажет», – деп атап өтті Президент.     

Отандық фармацевтикалық нарық дамушы нарықтарда жаңа мүмкіндіктер іздейтін халықаралық инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырады. Мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстанда фармацевтика саласында қуаттылықты екі есеге арттыру мүмкіндігі бар.

ҚР Үкіметі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдайды. Сонымен қатар, әлемдік фарминдустриямен жемісті өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан аумағында танылған брендтерден инновациялық фармацевтикалық өнім өндірісін оқшаулаудың тиімді жолдарын іздеу мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары құрылуда.

Ауқымды шараға фармацевтика мәселелері бойынша әлемдік сарапшы-практиктер, әлемдік атаумен ғалымдар мен практик дәрігерлер, ірі өндірушілер, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, әлемнің 20-дан астам елінен келген қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қатысуда.

Бағдарлама аясында салалық министрліктер мен қауымдастықтар өкілдерінің, ірі әлемдік фармацевтикалық компаниялардың, отандық фармацевтикалық зауыттардың топ-менеджерлерінің, сондай-ақ логистика мен сақтауды, буып-түюді мен таңбалауды және track and trace жүйесін қоса алғанда, ілеспе салаларда жұмыс істейтін компаниялардың өкілдерінің сөз сөйлеуі көзделген.

Форум офлайн және онлайн түрде гибридті форматта өтеді. Форумның драйверлері – дөңгелек үстел, панельдік пікірталас, стратегиялық және бизнес-сессиялар болады, содан кейін талқылаулар тақырыптық сессияларға көшеді.

«Global Pharm» Халықаралық фармацевтикалық форумы дәстүрге айналып үлгерді және биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Іс-шара диалог үшін көптеген алаңдар ашады әрі фармацевтика саласының ірі компанияларымен және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен B2B және G2B кездесулерді қамтиды.

Айта кетейік, биыл форумға әлемнің 10-нан астам елінен 200-ге жуық делегат келіп, тағы 1,2 мың адам онлайн режимінде қосылды. Қатысушылар 60-тан астам түрлі компаниялардың мүддесін білдірді.

 

 

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще