Жаңалықтар
23.02.2023

«MADE IN PHARMA KZ» ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Тұтынушылық патриотизм –

ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін

отандық фармацевтика прогресінің алға бастырушысы

 

23 ақпанда «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының алаңында «MADE IN PHARMA KZ» жобасын іске қосу аясында фармацевтикалық және медициналық қызметті қолдау және дамыту қауымдастықтарымен Меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысы бұған дейін отандық өндірушілерді қолдау мен дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. «Отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтіп, отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылы қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізу қажет», - деді Президент.

Осы тапсырманы орындау барысында қазақстандық дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтарды өндірушілерді қолдау және танымал ету жөніндегі «Made in PharmaKZ» жобасын іске қосу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан үшін, кез келген ел сияқты, фармацевтика өнеркәсібі – ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлік бастаманы дамыту мәселелері – Бірыңғай дистрибьютор қызметінің басты басымдықтарының бірі.

«Made in PharmaKZ» жобасы – жұртшылықтың медициналық және фармацевтикалық тақырыбына деген қызығушылығының артуына байланысты өзекті болып табылады. Бұл бастама қазақстандықтардың жергілікті фармөндірушілерін қолдауға және тұтынушылық патриотизмін қалыптастыруға бағытталған.

Меморандумға «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы мен бірқатар салалық қауымдастықтар қол қойды: «Қазақстан ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның Мединдустриясы» Медициналық бұйымдарды, медициналық өнімдерді отандық өндірушілер одағы» ЗТБ және «Медициналық бұйымдар өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ.

Салалық қауымдастықтармен ынтымақтастық отандық өндірістің дәрілік заттарын, медициналық бұйымдары мен медициналық жабдықтарын ілгерілетуді, сондай-ақ қазақстандық тұтынушылық патриотизімін қалыптастыруды көздейді.

Жоғарыда аталған мақсаттарға бірқатар кешенді іс-шаралар өткізу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ ақпарат пен тәжірибе алмасу арқылы қол жеткізу жоспарлануда.

Жоба аясында келесі бағыттар қарастырылған:

  • Ø отандық өндірістік алаңдарға баспасөз турларын өткізу;
  • Ø отандық медфармөнеркәсібі туралы мемлекеттік және жергілікті телеарналарда ротацияланатын телебағдарламалар циклін құру;
  • Ø қазақстандық өндірушілермен отандық фармөнеркәсібінің қызметі мен жаңалықтарын жан-жақты жариялауға арналған бренд-жарияланымдар сериясын бірлесіп жүзеге асыру;
  • Ø дәріхана желілерінде «MADE IN PHARMAKZ» логотипімен отандық дәрі-дәрмектердің жеке сөрелерін жасақтау.

Жоғарыда аталған ұсыныстарды іске асырудың айқын нәтижесі – азаматтардың қолданыстағы отандық әзірлемелер мен фармацевтикалық өндірістер туралы хабардарлылығын арттыру, отандық фармацевтикаға бейілді аудиторияның өсуі болмақ, сондай-ақ, 2025 жылға қарай Қазақстан нарығындағы ОТӨ үлесінің 50% көрсеткішіне қол жеткізуге оң әсер етеді.

«Отандық өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, ең алдымен, Қазақстан азаматтарының мүдделерін сақтай отырып, дәлелді медицина, дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі қағидаттарын басшылыққа алу қажет.  Бірыңғай дистрибьютор «сары карточкалар» сияқты кері байланыс құралдарын пайдалана отырып, жеткізушілерге қойылатын талаптарды арттыру арқылы қазақстандық медициналық мекемелер қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелерін басымдыққа қояды», - деді «СҚ-Фармация» Басшысы Ерхат Искалиев.

«Сары карталар» тәжірибесі, ең алдымен, қауіпсіздік пен сапаны бақылауды қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен Денсаулық сақтау министрлігі ҰДЗСО ақпараттық жүйесі мен Медициналық ақпараттық жүйені біріктіру арқылы қажетсіз құбылыстарды бағалау бойынша карта-хабарламаларды толтыру бойынша жаңа алгоритм әзірлеуде.

Кездесу қатысушылары фармацевтика саласы бойынша жетекші елдердің, оның ішінде Түркияның да озық тәжірибесін талқылады. Түркия мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін іс жүзінде 100% қанағаттандырады және дәрі-дәрмектерді экспортқа жеткізеді. Заманауи фармацевтикаға мұқият қарап, әлемдік үрдістерді бақылайды және шетелдік серіктестермен ынтымақтасады. Қазіргі таңда дәрі-дәрмек шығаратын түрік фирмаларының саны 100-ден асады.

Айта кету керек, Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібінде өнімнің тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын растайтын тиісті өндірістік практика стандартына (GMP) сәйкес келетін 30-дан астам кәсіпорын бар.

Қазақстанның фармакомпаниялары инъекциялық және инфузиялық ерітінділерді, антибиотиктер мен антисептиктерді, пероралды дәрілік заттарды, сироптарды, кремдер мен гельдерді, қантты төмендететін, туберкулезге қарсы, гастроэнтерологиялық, гепатопротекторлық, антигистаминдік, құрысуға қарсы дәрі-дәрмектерді, АИТВ инфекцияларын, қант диабетін, инфарктты, инсультті, шашыраңқы склерозды және басқа да сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді, онкологиялық дәрілер, медициналық мақсаттағы бір реттік бұйымдар, кәсіби шығын материалдары, медициналық қызметкерлеріне арналған бір реттік киім және іш киім, сондай-ақ поливалентті және иммундық-витаминдік жиындар, моно-шөптер және емдік фито-шайлар шығарады.

Бірыңғай дистрибьютордың фармацевтика саласындағы қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде көзделген. Қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен 4 672 дәрі-дәрмек атауын жеткізуге жасалған 100 ұзақ мерзімді шарттар қолданыста.

Осылайша, медициналық фармацевтикалық өнімге кепілдендірілген он жылдық мемлекеттік тапсырыстың арқасында Қазақстанның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің жаңа өндірісті іске қосуға немесе қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға мүмкіндігі бар.

Тағы бір маңызды мәселе – отандық фармацевтикалық өнімдерді сыртқы нарықтарға экспорттау. Экспорттық өнімді жылжыту – ҚР Үкіметі үшін кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды элементі. Міндет – кәсіпкерлердің ағымдағы бастамаларын дамыту және отандық өнімдер үшін жаңа нарықтарды іздеу.

«Біз отандық фармацевтикалық секторды ілгерілету және дамыту жөніндегі бастаманы барынша қолдаймыз. Жоба BIGPHARMA қатарындағы әлемдік вендорлармен ынтымақтастықтың арқасында әлемдік тәжірибені белсенді енгізіп жатқан қазақстандық өндірушілердің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз», - деп салалық қауымдастықтардың өкілдері атап өтті.

Кездесу соңында тараптар қазақстандықтар арасында тұтынушылық патриотизмнің артуына, отандық өндірушілердің оң имиджін қалыптастыруға, халықтың қазақстандық дәрі-дәрмектерге деген сенім деңгейінің артуына, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің фармацевтикалық секторының дамуына әкелетін тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 

Тұтынушылық патриотизм – ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін отандық фармацевтика прогресінің алға бастырушысы. Отандық өнімді тұтынып, қолдай отырып, қазақстандықтар өз өндірісінің дамуына және тұтастай ел экономикасына үлес қосады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще