«СҚ-Фармация» қызметкерлері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дәріс өткізді.
Дәріскер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының аға инспекторы Нұрболат Мақсұт сөз сөйледі.
Н. Мақсұт өзінің кіріспе сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы болып табылатынын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдер картасы – бұл сыбайлас жемқорлықтың жоғары ықтималдығы бар әлеуетті аймақтар мен жағдайларды анықтауға және оларды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеуге мүмкіндік беретін құрал.
«Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі жобаны іске асыруда: «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік». 2023 жылы «Бизнеске жол» жобасы аясында 1500-ге жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды, ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосқысы келетін 150-ге жуық елордалық еріктілерді біріктірді», - деп атап өтті Нұрболат Мақсұт.
Сондай-ақ, дәріскер кәсіпкерлердің проблемалық мәселелеріне жедел әрекет ететін жұмыс топтарын құру туралы айтып берді.
Дәріс соңында Нұрболат Мақсұт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әркімнің қатысуын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді үнемі жетілдіруді талап ететінін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша «СҚ-Фармация» қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға түсініктеме алды.