Алматыда 16-шы Еуразиялық фармацевтикалық форум жалғасуда, онда мемлекеттік органдар, бизнес және фармацевтикалық қоғамдастық өкілдері саланың өзекті мәселелерін талқылауда.
Бүгін дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесіне арналған панельдік сессияда «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Эрик Құлшанов сөз сөйлеп, дәрі-дәрмектерді таңбалау мен қадағалаудың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Цифрлық таңбалау дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге нақты жөнелтілуін бақылауға, стационарлардағы қалдықтарды көруге және логистикалық бақылауды арттыруға мүмкіндік берді. Келесі қадам–дәрі-дәрмектердің шығуын бақылау және сатып алу мен жеткізуді болжау жүйесін жетілдіру», - деп атап өтті Э.Құлшанов.
Қатарлас сессияда «СҚ-Фармация» ЖШС Инвестициялық жобалар басқармасының бастығы Надежда Кузина отандық фармацевтикалық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын ұсынды.
«Мемлекетотандық фармацевтикалық өндірушілермен 10 жыл мерзімге дейінгі ұзарту мүмкіндігімен ұзақ мерзімді шарттар жасасады. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың 2 466 атауын қамтитын 34 компаниямен осындай 90 келісім бар. Сондай-ақ, келісімшарттық өндіріс аясында Pfizer, Hoffmann-La Roche, AstraZeneca-мен 6 патенттелген дәрі-дәрмек жеткізуге келісімшарттар жасалды», - деді Надежда Кузина.
Ол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері мен отандық өндірушілерін қолдау үшін олардың тендерге қатысуы кезінде өзге жеткізушілердің өтінімдері қаралмаған кезде преференциялар көзделгенін айтты. Сөз соңында Н.Кузина мұндай қолдау шаралары жергілікті фармацевтикалық өндірісті дамытуға және Қазақстанда инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ететінін атап өтті.